2000 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 мамыр N 655

      2000 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жобасын әзiрлеу мақсатында, сондай-ақ "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990358_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2000 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 116 U990116_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiліп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi Бюджет комиссиясының жұмыс жоспар кестесi бекiтілсiн (бұдан әрi - Бюджет комиссиясы).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Бюджет комиссиясының қарауына мыналарды енгiзсiн:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тiзбесiн;
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тізбесiн анықтау жөнiндегі ұсыныстарды;
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн аумақтық бөлiнiсте 1999 жылға арналған бағалау мен 2000 жылға арналған болжамды;
      республикалық және коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетін түсімдердi;
      мемлекеттік меншiк болып табылатын акциялардың пакетiне дивидендтердің түсiмдерiн;
      1999 жылдың 11 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгiмен келiсiм бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерге 2000 жылы түсетiн түсiмдердiң болжамын;
      1999 жылдың 16 маусымына дейiн 2000 жылы жекешелендiруге жататын республикалық және коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн анықтау жөнiндегi ұсыныстарды;
      1999 жылдың 16 маусымына дейiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары мен әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн;
      1999 жылдың 21 маусымына дейiн үкiметтік борыш лимитi, 2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiктерiн беру лимитi бойынша ұсыныстарды;
      1999 жылдың 30 маусымына дейiн 2000 жылға арналған жергiлiкті атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитi, жергілікті атқарушы органдар борышының жиынтық лимитi бойынша ұсыныстарды;
      1999 жылдың 5 шiлдесiне дейiн аса маңызды жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың лимиттерiн;
      1999 жылдың 27 шiлдесiне дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың функционалдық топтары және әкiмшiлерi бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемiмен бiрге республикалық бюджеттiк бағдарламалардың нақтыланған тiзбесiн;
      1999 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн жергіліктi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiнiң нақтыланған жобаларын және аса маңызды жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың көлемiн;
      2) 1999 жылдың 21 маусымына дейiн функционалдық топтар бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыстары лимиттерін және бюджеттiк өтінiмдердiң, негiздемелердiң және есептемелердiң нысандарын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне хабарласын;
      3) Бюджеттiк комиссиямен келiсiм бойынша 1999 жылдың 10 қыркүйегiне дейiн "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      3. Бюджеттiк комиссияның қарауына жiберiлетiн ұсыныстарды дайындау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мыналарды тапсырсын:
      1) Министрлiктер, агенттiктер, өзге де орталық мемлекеттiк органдар:
      1999 жылдың 1 шілдесiне дейiн аса маңызды жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тізбесi бойынша ұсыныстарды;
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген номенклатура бойынша, аумақтық бөлiнiсте заттай және ақшалай сипаттағы өнiмдердiң аса маңызды түрлерi өндiрiсiнiң;
      мемлекеттiк органдар олар бойынша мемлекеттiк меншік құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың санын оңтайландыру туралы ұсыныстардың 1999 жылға арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын;
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, елдер, есеп айырысу түрлерi мен тауарлар топтары бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудiң импорты мен экспортының 2000 жылға арналған болжамын;
      3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгi:
      1999 жылдың 10 маусымына дейiн оны министрлiктерге, агенттіктерге және өзге орталық атқарушы органдарға бiр мезгiлде хабарлай отырып, аумақтық бөлiнiсте, сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясына, жылуға және басқа да коммуналдық қызметтер көрсетуге қойылатын бағалар мен тарифтер деңгейiнiң 2000 жылға арналған болжамын;
      4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi:
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн 2000 жылға есептi көрсеткiштің, ең төмен жалақының және зейнетақының айлық мөлшерлерiн белгiлеу жөнiндегi ұсыныстар;
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн негіздемелер мен есептемелерді қоса 2000 жылға арналған зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстардың болжамын;
      5) Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігi 1999 жылдың 10 маусымына дейiн 2000 жылға арналған көші-қон квотасының жобасын;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша):
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

 

кiрiс министрлiгіне бір мезгiлде бере отырып, аумақтық бөлiнiсте жеке

тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алуы туралы мәлiметтердiң

және аумақтық бөлiнiсте ұйымдар мен кәсіпорындарға жалақы төлеуге

қолма-қол ақша қаражаттарын беру туралы мәліметтердiң 1999 жылға

арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын;

     7) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:

     1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

кіріс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, аумақтық бөлiнiсте:

     нотариалдық кеңселер санының;

     нотариалдық кеңселер бойынша мемлекеттік баж сомасының;

     азаматтық ахуал актілерінің жазбасын тіркеу жөнiндегi мемлекеттік

баж сомасының;

     соттар санының;

     азаматтық ахуал актiлерiнiң жазбасын тіркеудi жүзеге асыратын

ұйымдар санының;

     соттар бойынша мемлекеттік баж сомасының 1998 жылғы

көрсеткіштерінің, 1999 жылға арналған бағалау мен 2000 жылға арналған

болжамды;

     8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі:

     1999 жылдың 3 маусымына дейiн аумақтық бөлiнiсте 1998 жыл

және 1999 жылдың 5 айы үшiн:

     1-қосымшаға сәйкес 1998 жылғы декларациялар бойынша жиынтық

деректерді;

     заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының және iшкi өндiрiстегi

тауарларға салынатын қосылған құн салығының есептелген және төленген

сомасын;

     заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының, мониторинг

жүргiзiлiп отырған iрi салық төлеушiлер бойынша қосылған құн салығының

есептелген және төленген сомасын, кемалым мен артық төлемнiң сомасын;

     салықтар, бойынша кемалымның сомасын;

     "нөлдiк" ставка бойынша өтеуге есептелетін қосылған құн салығының

сомасын және өтелген соманы;

     патенттер бойынша жұмыс iстейтiн жеке меншікті кәсiпкерлердiң санын;

     куәлiктер бойынша жұмыс iстейтiн жеке меншiктi кәсiпкерлердiң санын;

     патенттер бойынша жұмыс iстейтiн шаруа (фермер) қожалықтарының санын;

     куәлiктер бойынша жұмыс iстейтін шаруа (фермер) қожалықтарының санын;

     патент, куәлiк құнының орташа мөлшерiн;


 
       1998 жылғы өндiрiстiк қуаттар, iс жүзiндегi өндiрiс туралы мәліметтерді, алкогольді өнімдер мен этиль спиртін өндіретін кәсіпорындар бойынша 1999 жылға арналған бағалау мен 2000 жылға арналған болжамды;
      1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн қаржылық тәртіптi күшейту жөнiнде мыналар жайындағы ұсыныстарды:
      республикалық бюджетпен (оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен) несие алған мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындардың бiрiншi басшыларының республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына жауапкершілігiн арттыру;
      салықтар мен өзге де төлемдердiң мемлекеттiк бюджетке түсуiне әкiмшiлiк жүргiзу;
      9) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (келiсiм бойынша):
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, аумақтық бөлiнiсте 2000 жылы жорамалданып отырған бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу үшiн алым мөлшерлерi бойынша есептемелердi;
      10) Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi:
      1999 жылдың 10 маусымына дейiн Мемлекеттiк инвестициялардың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын;
      1999 жылдың 10 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгімен және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп, мамандықтар бөлiнiсiнде аймақтардың ерекшелiгiн ескере отырып мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары және орта арнаулы бiлiмдi кадрларды даярлауға 2000-2001 оқу жылына арналған қажеттiлiктi;
      11) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн:
      ауылшаруашылық тауар өндiрушілерiне берiлген машина жасау өнiмдерi үшiн лизингтiк төлемдер бойынша негiзгi борышты өтеудiң кестесiн;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, аумақтық бөлiнiсте:
      тамырымен босатылатын ағаш үшiн ақы есебi бойынша;
      санаттары бойынша жердiң бар-жоғы, оны балл-бонитетпен бағалау туралы;
      тұтынушылар бойынша су алу лимитінiң көлемi туралы;
      жердi және жердi тұрақты пайдалану құқығын сатудан, жер учаскелерiн жалға беруден, жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыдан алынатын қаражаттың түсiмi туралы 1999 жылға арналған бағалау мен 2000 жылға арналған болжам туралы деректердi;
      12) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi:
      1999 жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп бiлiм берудiң әрбір түрі және ұйымдастыру үлгiсi бойынша бір оқушыға, тәрбиелеушіге шаққанда шығыстарды қаржыландырудың нормативтерi бойынша негіздемелер мен есептемелердi;
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн:
      облыстар бөлiнiсiнде ауылды жердегi амбулаториялық-емханалық ұйымдарды қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін анықтау жөнiндегі есептемелердi;
      13) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн аумақтық бөлiнiсте:
      қоршаған ортаны ластандырғаны үшiн төлем түсiмдерін және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыппұлдардың;
      жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергенi үшiн ақының 1999 жылға арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын;
      14) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгілде бере отырып, 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша аумақтық бөлiнiсте заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарының бар-жоғы туралы мәлiметтердi;
      15) Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi 1999 жылдың 1 маусымына дейiн:
      экономиканың салалары бөлiнiсiнде және аумақтық бөлiнiсте заңды тұлғалардың негiзгi құралдарының (оның ішінде автокөлiк) бар-жоғы, қозғалысы және құнының есептен шығуы туралы мәлiметтердi;
      аумақтық бөлiнiсте ауыл халқының санын;
      16) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, 2000 жылы консулдық қызметтердi көрсетудiң есебiнен түсетiн түсiмдердiң негiзделген есептемелерiн;
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн Ресей Федерациясының тиiстi мемлекеттік органдарымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының қатысуымен "Байқоңыр" кешенi объектiлерiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақының түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды 1999 жылдың 10 маусымына дейiн мүшелiк жарналарды төлеуге қажетті шығындардың негiзделген есептемелерiн қосымша бере отырып, мүшесi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың тiзбесiн;
      17) Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және Туризм министрлігі:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн аумақтық бөліністе:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, радиожиiлiк ресурсты пайдаланғаны үшiн ақысының;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, мемлекеттік кеме қатынасы жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының;
      мезгiлде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық бөлiнiсте автокөлiк құралдарының жүрiп өткен үшін алымның 1999 жылға арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын;
      1999 жылғы 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша аумақтық бөлiнiсте заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарының бар-жоғы туралы мәлiметті;
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiмен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгімен келiсiм бойынша аумақтық бөлiнiсте, сондай-ақ тұтынушылардың топтары бойынша оны министрлiктерге, агенттiктерге және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға бiр мезгiлде хабарлай отырып, байланыс қызметіне, көлiк түрлерi бойынша жүк және жолаушы тасымалына қойылатын бағалар мен тарифтер деңгейiнiң 2000 жылға арналған болжамын;
      18) Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi (келiсiм бойынша), "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ, "Медетші қор" РМК, "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ, "ТуранӘлемБанк" ЖАҚ, "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ААҚ, "Цеснабанк" АYАҚ, "Қазкоммерцбанк" ААҚ, "Алматы сауда-қаржы, банкі" ЖАҚ, "Қазагроөнеркәсiпбанк" ААҚ, "Нұрбанк" АҚ, "ЦентркредитБанк" ААҚ, "Семей қалалық акционерлiк банкi" ААҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ (келiсiм бойынша) 1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, жасасқан шарттар шеңберiнде республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен заңды тұлғаларға берiлген несиелер бойынша негiзгi борыш пен сыйақысының (мүдденiң) сомасын 2000 жылы өтеу туралы деректердi;
      19) Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi (келiсiм бойынша):
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, облыстың (қаланың) макроэкономикалық сценарийiнде есепке алынатын жұмыс iстеушiлер санының, орташа айлық жалақының, жалақы қорының;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігіне бiр мезгiлде бере отырып, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкiн бағалау құнының;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, жұмыс iстеп тұрған базарлардың, автотұрақтардың, автомай құю станцияларының саны мен алаңының;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, жекешелендiруге жататын және жанға берiлетiн коммуналдық меншiк объектiлерi тізбесiнiң, жалға берiлген үй-жайлардың орташа құнының 1998 жылғы мәлiметтерiн, 1999 жылға арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын;
      1999 жылдың 5 маусымына дейiн 1999 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша олар тартқан заемдардың қолданылып жүрген портфелi туралы мәлiметтердi (заемдардың тiзбесiн, қаржылық шарттары мен сипаттамасын, iс жүзіндегi жағдайын, қызмет көрсетуi мен өтеуiн, өтеу кестелерiн, несие келiсiмдерiнiң көшiрмелерiн);
      20) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi агенттігi 1999 жылдың 1 маусымына дейiн мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргiзуден республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетін түсiмдердiң болжамын;
      21) Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереясын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi кеңес 1999 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне бiр мезгiлде бере отырып, ұлттық лотереяны өткiзуден түсетiн кiрiс сомасының 1999 жылға арналған бағалауы мен 2000 жылға арналған болжамын.
      4. Орталық атқарушы органдар - республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мыналарды тапсырсын:
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн сыртқы көздердiң есебiнен өздерi алатын мақсатты ресми трансферттердiң (гранттардың) болжамды түрлерi бойынша деректердi;
      1999 жылдың 1 маусымына дейiн ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер көрсетудi iске асырудан түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
      1999 жылдың 10 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілеген нысандар бойынша негiздемелер мен есептемелердi қоса бюджеттiк өтiнiмдердi;
      1999 жылдың 10 шiлдесiне дейін 2000 жылы атқарылуы нақты қаржыландыру көздерiмен қамтамасыз етiлмеген шараларға республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң қаражатын қосымша жұмсауды туғызуы мүмкiн нормативтiк құқықтық актiлердiң әрекетiн тоқтату немесе тоқтата тұру,

 

кезең-кезеңiмен iске қосу жөнiндегi ұсыныстарды тапсырсын.

     5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкіметінің

                                    1999 жылғы 27 мамырдағы

                                       N 655 қаулысымен

                                         бекітілген


        2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын

        қалыптастыру жөніндегі Бюджет комиссиясы жұмысының

                    жоспар кестесі

__________________________________________________________________________

|  Күні  |  Қаралатын мәселелердің тізбесі           |Қатысатын мемлекеттік

|        |                                           |    органдар        

|________|___________________________________________|_____________________

|1.06.99 |Мемлекеттік мекеме-республикалық бюджеттік |Қаржымині, Ұлттық   

|        |бағдарламалар әкімшілерінің тізбесі        |Банк (келісім бойын.

|        |Қаржыландырылуын 2000 жылы жүзеге асыру    |ша), Экономикалық   

|        |ұсынылып отырған бағдарламалардың тізбесі  |жоспарлау жөніндегі 

|        |                                           |агенттік, Стратегия.

|        |                                           |лық жоспарлау және  

|        |                                           |реформалар жөніндегі

|        |                                           |агенттік (келісім   

|        |                                           |бойынша)            

|________|___________________________________________|_____________________

|7.06.99 |2000 жылға арналған негізгі макроэкономика.|Қаржымині, Экономика.

|        |лық көрсеткіштер 2000 жылға арналған инфля.|лық жоспарлау жөнін.

|        |цияның, теңгенің айырбас бағамының және    |дегі агенттік, Ұлттық

|        |қайта қаржыландыру ресми ставкасының дең.  |Банк (келісім бойын.

|        |гейі Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы|ша)                 

|________|___________________________________________|_____________________

|11.06.99|Кірістердің, алынатын ресми трансферттер.  |Қаржымині, Мемкіріс.

|        |дің, республикалық бюджеттен бұрын берілген|мин, Ұлттық Банк    

|        |несиелер бойынша негізгі борышты өтеудің   |(келісім бойынша),  

|        |көлемдері                                  |Экономикалық жоспар.

|        |Айлық жалақының, зейнетақының және айлық   |лау жөніндегі агент.

|        |есептік көрсеткіштің ең аз мөлшерлері      |тік, Еңбек және ха. 

|        |Жергілікті атқарушы органдарды несиелендіру|лықты әлеуметтік қор.

|        |лимиті                                     |ғау министрлігі     

|        |Қазақстан Республикасының мемлекеттік      |                    

|        |кепілдігімен бұрын алынған заемдарды өтеу  |                    

|        |және оларға қызмет көрсету сомасы 2000 жылы|                    

|        |республикалық және жергілікті бюджеттерге  |                    

|        |түсетін түсімдер                           |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|16.06.99|2000 жылы жекешелендіруге жататын республи.|Қаржымині           

|        |калық және коммуналдық меншік объектілері. |                    

|        |нің тізбесі Қаржыландыру нысандары көрсеті.|                    

|        |ле отырып, функционалдық топтар мен респуб.|                    

|        |ликалық бюджеттік бағдарламалардың әкімші. |                    

|        |лері бойынша республикалық бюджет шығыста. |                    

|        |рының лимиттері                            |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|21.06.99|Үкіметтік борыш лимиті Қазақстан           |Қаржымині           

|        |Республикасының үкіметтік кепілдіктерін    |                    

|        |беру лимиті                                |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|30.06.99|2000 жылға арналған жергілікті атқарушы    |Қаржымині           

|        |органдардың қарыз алуының жиынтық лимиті   |                    

|        |2000 жылға арналған жергілікті атқарушы    |                    

|        |органдардың борышының жиынтық лимиті       |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|5.07.99 |Аса маңызды жергілікті бюджеттік бағдарла. |Қаржымині           

|        |малар бойынша шығыстар лимиті              |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|27.07.99|Функционалдық топтар мен республикалық     |Қаржымині           

|        |бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері      |                    

|        |бойынша 2000 жылға арналған республикалық  |                    

|        |бюджет шығыстарының көлемдерімен бірге     |                    

|        |республикалық бюджеттік бағдарламалардың   |                    

|        |нақтыланған тізбесі                        |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|1-25.08.|Мемлекеттік мекеме-республикалық бюджеттік |Мемлекеттік мекеме- 

|     99 |бағдарламалардың әкімшілерімен бірге       |бағдарламалардың    

|        |республикалық бюджеттік бағдарламаларды    |әкімшілері          

|        |2000 жылы қаржыландыру жобаларын қарау     |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|1.09.99 |Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің    |Қаржымині, Денсаулық,

|        |жобалары және аса маңызды жергілікті       |білім және спортмині

|        |бағдарламалар бойынша шығыстар лимиттері   |                    

|________|___________________________________________|_____________________

|10.09.99|"2000 жылға арналған республикалық бюджет  |Қаржымині, Әділетмині

|        |туралы" Заңның жобасы                      |                    

|________|___________________________________________|_____________________



                                   Қазақстан Республикасы

                                   Үкіметінің

                                   1999 жылғы 27 мамырдағы

                                    N 655 қаулысына

                                      1-қосымша


             Сала бойынша 1998 жылғы жылдық жиынтық

            табыс пен жүргізілген шегерімдер туралы

                декларация бойынша көрсеткіштер


                                            мың. теңге

  ________________________________________________________________

|рет|  Аумақтық бөліністегі көрсеткіштердің атауы  |  1998 жылғы |

|___|______________________________________________|_____________|

  1   Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс, 18-жол

      бойынша

  2   Шегерімдер - барлығы, 31-жол бойынша

  3   Салық салынатын табыс, 32-жол бойынша

  4   27-бапқа сәйкес көшірілген кәсіпкерлік қызмет

      салдарынан болған шығындар     

  5   34-бапқа сәйкес салық салудан босатылған

      табыс, 34-жол бойынша

  6   Көшірілген шығындар және берілген жеңілдіктер

      ескерілген салық салынатын табыс, 35-жол

      бойынша

  7   Есептелген салықтың барлығы, 36-жол бойынша



                                   Қазақстан Республикасы

                                   Үкіметінің

                                   1999 жылғы 27 мамырдағы

                                    N 655 қаулысына

                                      2-қосымша


                                                 1-нысан


               Заңды тұлғалардың көлік құралдарының

                       бар-жоғы туралы

                          Мәлімет

__________________________________________________________________________

|Облыстардың|                  Жеңіл автомобильдер                        

|  атауы    |______________________________________________________________

|           |көлемі 1100текше.см.дейін двиг.|кол.1100-ден 1500текшесм.дейін

|           |                               |двиг.    

|           |_______________________________|_____________________________

|           |6 жылға|6 жылдан | 6 жылдан    |6 жылға | 6 жылдан | 6 жылдан

|           | дейін | жоғары, |жоғары, шетел| дейін  | жоғары,  |  жоғары,

|           |       |  ТМД    |  машинасы   |        |  ТМД     |  шетел  

|           |       | елдері  |             |        | елдері   | машинасы

|___________|_______|_________|_____________|________|__________|__________

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

ЖИЫНЫ   


таблицаның жалғасы

_______________________________________________________________________

|кол.1500-ден 2000текше.см. дейін двиг.|көлемі 2000-3000 текше.см.двиг. |

|______________________________________|________________________________|

|6 жылға  |   6 жылдан  |  6 жылдан    | 6 жылға| 6 жылдан   | 6 жылдан |

| дейін   |   жоғары,   |   жоғары,    | дейін  | жоғары, ТМД| жоғары,  |

|         |ТМД елдері   |шетел машинасы|        |  елдері    | шетел    |

|         |             |              |        |            |машинасы  |

|_________|_____________|______________|________|____________|__________|


     жалғасы


____________________________________________________________

|көлемі 3000-4000 текше.см.двиг.       |      4000           |  

|______________________________________|                     |

|6 жылға  |   6 жылдан  |  6 жылдан    |  текше. см. жоғары  |

| дейін   |   жоғары,   |   жоғары,    |                     |          

|         |ТМД елдері   | ТМД елдері   |                     |

|         |             |              |                     |            

|_________|_____________|______________|_____________________|


     Ескерту: Автокөлік құралдарының маркалары  б-ша салық заңының

129-бабы б-ша салық төлеуден босатылатын көлік құралдарының санын көрсету

керек.




                                  Қазақстан Республикасы

                                   Үкіметінің

                                   1999 жылғы 27 мамырдағы

                                    N 655 қаулысына

                                      3-қосымша


                                                 1-нысан


               Заңды тұлғалардың көлік құралдарының

                       бар-жоғы туралы

                          Мәлімет

___________________________________________________

|Облыстардың|катерл.,кемел.,баржал.,яхтал.          |                     

|  атауы    | двиг. қуаты:                          |

|           |_______________________________________|                     

|           |160 ат |160-тан  |500-ден 1000|1000 ат |

|           |күшіне |500 ат   |ат күшіне   |күшінен |                     

|           | дейін |күшіне   | дейін      |жоғары  | 

|           |       |дейін    |            |        |                     

|___________|_______|_________|____________|________|

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Жиыны


     таблицаның жалғасы

  ________________________________________________________________________

|1.04.99 ж. дейін сатып алынған |1.04.99 ж. кейін сатып алынған          |

|ұшу аппараттары                |ұшу аппараттары                         |

|_______________________________|________________________________________|

|пайдал. | 5-тен 15  | 15 жылдан| пайдал. | 5-тен 15 жылға| 15 жылдан    |

|уақыты 5|жылға дейін| жоғары   |уақыты 5 |    дейін      |   жоғары     |

|жылға   |           |          | жылға   |               |              |

|дейін   |           |          | дейін   |               |              |

|________|___________|__________|_________|_______________|______________|



                                                     2-нысан


               Заңды тұлғалардың көлік құралдарының

                       бар-жоғы туралы

                          Мәлімет

__________________________________________________________________________

|Облыстардың|Жүк машин. жүк көтеруі:         |автобустар                  

|  атауы    |                                |                            

|           |________________________________|_____________________________

|           |1,5    |1,5 нан 5|5 тоннадан    |12 отыр.|12-ден 25 |отырғызу

|           |тоннаға|тоннаға  | жоғары       |ғызу    |отырғызу  |орны

|           |дейін  | дейін   |  машинасы    | орнына |орнына    |25-тен 

|           |       | елдері  |              | дейін  |дейін     |жоғары  

|___________|_______|_________|______________|________|__________|_________

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Жиыны


таблицаның жалғасы


    ___________________________

   |мотоциклдер, мотороллерл., |

   |мотошана, шағын кемелер    |

   |(двиг.қуаты 55 квт-тан     |

   |төмен                      |

   |___________________________|




                                              2-нысан


             Жеке тұлғалардың көлік

         құралдарының бар-жоғы туралы

                    Мәлімет

___________________________________________________

|Облыстардың|катерл.,кемел.,баржал.,яхтал.          |                     

|  атауы    |двиг. қуаты:                           |

|           |_______________________________________|                     

|           |160 ат |160-тан  |500-ден 1000|1000 ат |

|           |күшіне |500 ат   |ат күшіне   |күшінен |                     

|           | дейін |күшіне   | дейін      |жоғары  | 

|           |       |дейін    |            |        |                     

|___________|_______|_________|____________|________|

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Жиыны


     таблицаның жалғасы

  ________________________________________________________________________

|1.04.99 ж. дейін сатып алынған |1.04.99 ж. кейін сатып алынған          |

|ұшу аппараттары                |ұшу аппараттары                         |

|_______________________________|________________________________________|

|пайдал. | 5-тен 15  | 15 жылдан| пайдал. | 5-тен 15 жылға| 15 жылдан    |

|уақыты 5|жылға дейін| жоғары   |уақыты 5 |    дейін      |   жоғары     |

|жылға   |           |          | жылға   |               |              |

|дейін   |           |          | дейін   |               |              |

|________|___________|__________|_________|_______________|______________|




                                      3-нысан


                Жеке тұлғалардың көлік

             құралдарының бар-жоғы туралы

                        Мәлімет

__________________________________________________________________________

|Облыстардың|                  Жеңіл автомобильдер                        

|  атауы    |_____________________________________________________________

|           |көлемі 1100текше.см.дейін двиг.|кол.1100-ден 1500текшесм.дейін

|           ________________________________|____________________________ 

|           |6 жылға|6 жылдан | 6 жылдан     |6 жылға | 6 жылдан |6 жылдан

|           | дейін | жоғары, | жоғары, шетел| дейін  | жоғары,  |  жоғары,

|           |       |  ТМД    |  машинасы    |        |  ТМД     |  шетел 

|           |       | елдері  |              |        | елдері   | машинасы

|___________|_______|_________|______________|________|__________|_________

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Жиыны


     Ескерту: Автокөлік құралдарының маркалары  б-ша салық заңының        

              129-бабы б-ша салық төлеуден босатылатын көлік құралдарының 

              санын көрсету керек.


таблицаның жалғасы

_______________________________________________________________________

|кол.1500-ден 2000текше.см. дейін двиг.|көлемі 2000-3000 текше.см.двиг  | 

|______________________________________|________________________________|

|6 жылға  |   6 жылдан  |  6 жылдан    | 6 жылға| 6 жылдан   | 6 жылдан |

| дейін   |   жоғары,   |   жоғары,    | дейін  | жоғары, ТМД| жоғары,  |

|         |ТМД елдері   |шетел машинасы|        |  елдері    | шетел    |

|         |             |              |        |            |машинасы  |

|_________|_____________|______________|________|____________|__________|


     жалғасы


____________________________________________________________

|көлемі 3000-4000 текше.см. двиг.      |      4000           |  

|______________________________________|                     |

|6 жылға  |   6 жылдан  |  6 жылдан    |  текше. см. жоғары  |

| дейін   |   жоғары,   |   жоғары,    |                     |          

|         |ТМД елдері   |ТМД елдері    |                     |

|         |             |              |                     |            

|_________|_____________|______________|_____________________|





                                   Қазақстан Республикасы

                                   Үкіметінің

                                   1999 жылғы 27 мамырдағы

                                    N 655 қаулысына

                                      4-қосымша


            Жеке тұлғалардың жылжымайтын

            мүлкінің бағалау құны туралы

                     Анықтама


                                              (мың теңге)

_____________________________________________________________________

|N |  Көрсеткіштер              | 1998 жылғы    | 2000 ж. арналған    |

|  |                            | іс жүзінде    |     болжам          |

|__|____________________________|_______________|_____________________|

1  Жеке тұлғалардың жылжымайтын

    мүлкінің құны - Барлығы


2  Кәсіпкерлік қызметпен

    айналысатын жеке

    тұлғалардың мүлкінің құны


3  Кәсіпкерлік қызметке

    пайдаланылмаған мүліктің

    құны

       оның ішінде:

    1 млн. теңгеге дейін

    1-ден 2 млн. теңгеге дейін

    2-ден 3 млн. теңгеге дейін

    3-ден 4 млн. теңгеге дейін

    4-тен 5 млн. теңгеге дейін

    5-тен 6 млн. теңгеге дейін

    6-дан 7 млн. теңгеге дейін

    7-ден 8 млн. теңгеге дейін

    8-ден 9 млн. теңгеге дейін

    9-дан 10 млн. теңгеге дейін

    10 млн. теңге

    10 млн. теңгеден жоғары


4  Салық салу бойынша

    жеңілдіктері бар азаматтар

    санатының саны

    (Салық заңының

    134-бабының 2-тармағы)




                                                    4-нысан


               Жеке тұлғалардың көлік

            құралдарының бар-жоғы туралы

                       Мәлімет

__________________________________________________________________________

|Облыстардың|Жүк машин. жүк көтеруі:         |автобустар                  

|  атауы    |                                |                            

|           |________________________________|_____________________________

|           |1,5    |1,5 нан 5|5 тоннадан    |12 отыр.|12-ден 25 |отырғызу

|           |тоннаға|тоннаға  | жоғары       |ғызу    |отырғызу  |орны 25-

|           |дейін  | дейін   |              | орнына |орнына    |тен

|           |       |         |              | дейін  |дейін     |жоғары  

|___________|_______|_________|______________|________|__________|_________

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Ш-Қазақстан

Жамбыл

Б-Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Қостанай

Маңғыстау   

Павлодар

С-Қазақстан

О-Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Жиыны


таблицаның жалғасы


    ___________________________

   |мотоциклдер, мотороллерл., |

   |мотошан., шағын кемелер    |

   |(двиг.қуаты 55 квт-тан     |

   |төмен                      |

   |___________________________|



     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Қасымбеков Б.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады