Мемлекеттік қордағы астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 28 мамыр N 664

      Мемлекеттік қордағы астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылдың 1 тамызына дейін "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны темір жол көлігімен мемлекеттік қордағы астықты сақтайтын ұйымдардан астықты тасуды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісуді қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              1999.07.16. N 991 қаулысымен. P990991_
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              1999.09.09. N 1348 қаулысымен. P991348_
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              2000.07.27. N 1143 қаулысымен. P001143_
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              2001.01.23. N 103 қаулысымен. P010103_
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті "Азық-түлік корпорациясымен" бірлесіп бір апта мерзім ішінде, мемлекеттік қордағы астықты сақтайтын ұйымдардың тізімін Қазақстан

 

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырсын.

     3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда

белгіленген тәртіппен:

     мемлекеттік қордағы астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды;







     ЕСКЕРТУ.3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің         

             1999.07.16. N 991 қаулысымен. 


P990991_



     ЕСКЕРТУ.3-тармағының 3 және 4-абзацтары алынып тасталды - Қазақстан

             Республикасы Үкіметінің 1999.09.09. N 1348 қаулысымен.



P991348_




     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады