Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау мен аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 маусым N 866

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан

Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы жоғары дәрежелі ғылыми

және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау мен аттестациялау саласындағы

ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



             Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі

                  арасындағы жоғары дәрежелі ғылыми және

                ғылыми-педагогикалық  мамандар даярлау мен

              аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы

                                 Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 42-құжат)

    (1999 жылғы 3 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)



 
       Әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі ғылыми дәрежелер (ғылыми-педагогикалық атақтар), ғылыми дәрежелерді салыстыру туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау принциптері туралы келісімдерді басшылыққа ала отырып;
      ғылыми байланыстарды сақтап қалуға және дамытуға ұмтыла отырып;
      жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау мен аттестациялау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру талпынысын қуаттай отырып,
      төмендегідей келісімге келді:
 
                            1-бап
      Жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялау жүйелерін дамыту туралы өз концепцияларын жасау барысында Тараптар өзара консультациялар алысады.
 
                            2-бап
      Тараптар ғылыми қызметкерлер мамандықтары бойынша ұлттық тізбесін (номенклатураларын) жасау мен өз мемлекеттері аумағында ғылыми дәреже беру кеңестерінің желісін құруы туралы бір-біріне мәлімет беріп отырады.
      Жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялаудың мемлекеттік жүйелерінде ғылыми дәреже мен ғылыми (ғылыми-педагогикалық) атақтар ізденушілеріне қойылатын негізгі талаптарының салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
 
                            3-бап
      Тараптар жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау мен аттестациялау саласындағы ынтымақтастықты:
      - бір Тараптың ізденушілеріне екінші Тараптың территориясындағы ғылыми дәреже беру кеңестерінде диссертацияларын қорғауды өткізу үшін тең жағдай жасау арқылы;
      - Тараптардың жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялаудың мемлекеттік жүйелеріндегі өзгерістер туралы уақытында өзара хабарлап отыру, тесті нормативтік актылар мен осындай мамандарды даярлау және аттестациялау мәселесіне байланысты басқа да құжаттар алмасу;
      - бір тараптың аспирант, докторант, ғылыми қызметкерлерін екінші тарапқа оқуға, мамандығын жетілдіруге және диссертация даярлауға жолдауы (бұлар валютасыз эквиваленттік негізде де, Тараптардың мүдделі ұйымдарының - жолдаушы және қабылдаушы ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі анықталған тікелей келісімшарттарына сәйкес жүзеге асырылады) арқылы дамытатын болады.
 
                             4-бап
      Диссертациялық жұмыстардың сараптау сапасын арттыру үшін тараптардың әрқайсысы:
      - өз мемлекетінің жетекші ғалымдары мен мамандарының екінші Тараптың ғылыми дәреже беру кеңесі жұмысына қатысуына, сондай-ақ диссертация қорғау кезінде оппонент ретінде қатысуына;
      - екінші тараптың ғылыми дәреже беру кеңесінде қорғалған диссертацияларға қосымша сараптау өткізуіне жәрдемдеседі.
 
                              5-бап
      Тараптар өз мемлекеті аумағында екінші Тараптың тиісті органдары берген ғылыми дәреженің және ғылыми (ғылыми-педагогикалық) атақтың берілуі туралы мемлекеттік үлгідегі квалификациялық құжаттарын мойындайды.
      Құжаттарды мойындау олардың иелеріне Тараптардың өз мемлекеті аумағында белгіленген ұлттық мемлекеттік құжаттар иегерлері құқықтарын міндетті түрде телу болып табылмайды.
      Ғылыми дәрежелер мен ғылыми (ғылыми-педагогикалық) атақтар туралы мемлекеттік үлгідегі квалификациялық құжаттардың салыстырмалылығы (эквиваленттілігі) олардың иегерлерін қайта аттестациялау үрдісінде анықталады.
      Қайта аттестациялау ізденуші азаматы болып табылатын немесе тұрақты өмір сүріп жатқан мемлекеттің аттестациялау ұйымында жүргізіледі.
 
                              6-бап
      Тараптар жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды

 

аттестациялау үрдісін жетілдіруге бағытталған басқару тәжірибесін алмасу

үшін бірлесе отырып, қажетті шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.


                             7-бап

     Осы Келісімге қатысу Тараптардың жоғары дәрежелі ғылыми және

ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау мен аттестациялау саласында

ынтымақтастықтың басқа да түрлерін қолдану құқығына шек қоймайды және

Тараптардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялау

мемлекеттік жүйелерінің өз бетінше, тәуелсіз жұмыс істеуіне бөгет

жасамайды.


                             8-бап

     Осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты нақты мәселелер бойынша

қосымша келісімдер мен хаттамалар жасалып, қол қойылуы мүмкін.


                             9-бап


 
       Осы Келісімге немесе оны орындауға байланысты талас мәселелер туындаған жағдайда, оларды шешу жолдарын келісу мақсатымен Тараптардың өкілдері өзара консультациялар алысады.
 
                              10-бап
      Тараптардың тиісті мемлекеттік аттестациялау ұйымдарды осы Келісім бойынша жете хабардар (міндетті, компетентті) болып табылады.
 
                              11-бап
      Осы Келісім жоспарланған мемлекетішілік үрдістердің аяқталуы туралы тараптар өзара хабарласқан күннен бастап күшіне енеді, бес жыл бойы қолданылады және бір Тарап екінші тарапты Келісімнің кезекті қолданылуын тоқтату туралы өз ниетін жазбаша түрде білдірмесе, келесі бесжылдық мерзімдерге өзінен өзі жалғастырыла береді.
 

 

     Әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде жазылған түпнұсқаның екі

данасы Алматы қаласында 11 қарашада 1997 жылы жасалды. Барлық мәтіннің

күші бірдей.

     Осы Келісімді түсіндіруге немесе жүзеге асыруға байланысты

Тараптардың келіспеушілігі туған жағдайда, Тараптар Келісімнің орыс

тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.



     Қазақстан Республикасы                                    Грузия

          Үкіметі үшін                                      Үкіметі үшін

     Мамандар:

       Қобдалиева Н.

       Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады