Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін өңдеу және тасымалдау үшін Латвия Республикасының порттарын пайдалану туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 тамыз N 1217

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1998 жылғы 19 мамырда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін өңдеу және тасымалдау үшін Латвия Республикасының порттарын пайдалану туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен
Латвия Республикасы Yкiметiнiң
арасында Қазақстан Республикасының жүктерiн
өңдеу мен тасымалдауға Латвия Республикасының
порттарын пайдалану туралы
Келісім

     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi, бұдан әрi "Келiсушi Тараптар" деп аталынатын,
     1994 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Латвия Республикасы Yкiметiнiң арасындағы саудалық-экономикалық ынтымақтастық туралы Келiсiмдi назарға ала және екi мемлекет арасында теңдестiк және өзаралық пайда келтiру негiзiнде экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ынталана отырып,
      екi мемлекет арасында көлiктiк байланыстарды нығайту мен дамытуды қалай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:    

1-бап     

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде:
      1. "порт" атауы Латвия Республикасының белгiленген шекаралы құрлық аумағын, оған қоса жасанды үйiндiлердi және iшкi су жолдарының бөлiгiн, кемелерге және жолаушыларға қызмет көрсетуге, жүк, экспедиторлық iс-қимылды және кеме қатынасының шаруашылық қызметiне байланысты басқаларын жүзеге асыруға жабдықталған порт маңайындағы iшкi және сыртқы рейдтер мен құрлық жолдарды бiлдiредi;
      2. "құзырлы органдар" атауы Қазақстан Республикасына қатысты - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн немесе солармен уәкiлденген органды, ал Латвия Республикасына қатысты - Қатынас министрлiгiн немесе олармен уәкiлденген органды бiлдiредi;
      3. "жүк" атауы түрiне, пайда болу тегi мен көлемiне қатысы жоқ кез келген жүктi бiлдiредi, егер ол:
      а) Латвия Республикасының теңiз портына Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғаларымен үшiншi елдерге жiберу үшiн жөнелтiлген жағдайда;
      б) Латвия Республикасының теңiз портына, оның кейiнгi жүру маршрутына қарамастан Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғаларының атына келген жағдайда.
      4. "қауiптi жүк" атауы 1974 жылғы Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы халықаралық Конвенция (СОЛАС - 74), 1978 жылғы Хаттамадағы және қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiнде оның барлық түзетулерiндегi сияқты мағынаны бiлдiредi, Қауiптi жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгi туралы Халықаралық Кодекстiң қағидаларына (IМDG), Халықаралық теңiз ұйымдары (IМО);
      5. "көлiк құралдары" атауы темiр жол жылжымалы құрамын, теңiз кемелерiн, сондай-ақ автомобиль, әуе және құбыр жүргiзу көлiгiн бiлдiредi.

                          2-бап

      Келiсушi Тараптар транзит еркiндiгi принциптерiн жүзеге асыруға жәрдемдесу және халықаралық көлiк байланыстарын дамытуға зиян келтiруi мүмкiн кез келген әрекеттен қалыс қалатын болады.

                          3-бап

      1. Латвия Республикасы транзит мемлекетi ретiнде теңiзге шығу жолы жоқ мемлекет ретiндегi Қазақстан Республикасына барлық көлiк құралдарымен теңiзге шығу және одан қайту құқықтарын бередi. Осымен қатар Қазақстан Республикасы Латвия Республикасының порттарының қызметiн және Латвия Республикасының аумағы арқылы транзит еркiндiгiн пайдаланады.
      2. Латвия Республикасы өз аумағының толық егемендiгiн жүзеге асыру мақсатымен, Қазақстан Республикасына қатысты осы келiсiммен көзделген құқықтар мен мүмкiншiлiктердi қамтамасыз ету, Латвия Республикасының заңды мүдделерiне ешқалайда қысымшылық жасамау үшiн кез келген шараларды қабылдауға құқығы бар.

                         4-бап

      Келiсушi Тараптар мынаған келiстi:
      а) Латвия Республикасының теңiз порттарын Қазақстан Республикасының транзиттiк экспорттық-импорттық жүктерiн өңдеуге пайдалану;
      б) аталмыш жүктердiң теңiз тасымалдауына, мүмкiндiгiнше Латвия Республикасының теңiз кемелерiн тарту;
      в) Латвия Республикасының теңiз порттарын Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық жүктерiн тиiмдi өңдеуге кедергi болар себептерiн жоюға жедел шаралар қабылдау;
      г) Латвия Республикасының аумағында Келiсушi Тараптар кәсiпкерлерiнiң арасында пайда болған келiспеушiлiктер мен дауларды шешу, келiсiм-шартта өзгеше жағдай көзделмегенде, Латвия Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

                         5-бап

      Латвия Республикасының құзырлы органдары Латвия Республикасының теңiз порттарына тасымалдау жасауға және аудара салу пункттерiне үкiметаралық несие ізгiлiк көмек желiлерi бойынша үшiншi елдерден Қазақстан Республикасының жеке және/немесе заңды тұлғаларының мекен-жайына келетiн жүктерге жылжымалы құрам берудi және олардың сыртқы экономикалық байланыстарына қызмет етудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

                         6-бап

      1. Латвия Республикасының аумағы арқылы Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық жүктерiнiң транзиттiк қозғалысы кедендiк салықтар мен баждардан немесе осындай қозғалыстарды қамтамасыз етуге байланысты көрсетiлетiн нақты қызметтер алымдарын қоспағанда басқа алымдардан босатылады.
      2. Осы баптың 1 тармағында ескертiлген босатулар автомобиль жолдарын, көпiрлердi және басқа ғимараттарды пайдалану төлемдерiне, қосымша құн салықтары мен отын сатып алудың акциздiк салықтарына жарамайды.

                         7-бап

      Жүктердi бақылаудың кедендiк, санитарлық, радиоактивтiк және басқа түрлерiн жүргiзу тәртiбi Латвия Республикасы аумағында пәрмендi халықаралық құқықтық нормаларға және Латвия Республикасының заңдарына сай анықталады.

                         8-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға байланысты Келiсушi Тараптар ұйымдары мен кәсiпорындары арасында жүргiзiлетiн есеп-айырысулар мен төлемдер Келiсушi Тараптар арасында қолданылып жүрген есеп-айырысу және төлемдер туралы келiсiмдерге сәйкес, ал бұлар жоқ болған жағдайда - еркiн конверсияланатын валютамен немесе халықаралық қаржы практикасында қабылданған ағымдағы әлемдiк бағалар мен шарттарды ескере отырып, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

                         9-бап

      Келiсушi Тараптар көлiк және сауда мәселелерiмен айналысатын тиiстi органдар арасындағы олардың iскерлiк қарым-қатынастарының тиiмдi дамуын қолдайды, сондай-ақ кәсiпорындар мен ұйымдар арасындағы қатынастардың дамуын көтермелеп жалғастыратын болады.

                        10-бап

      1. Келiсушi Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүргiзiлетiн жүк тасымалдау нәтижесiнде қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенетiн болады.
      2. Қазақстан Республикасына қатысты жүктердi тасымалдау нәтижесiнде Латвия Республикасының аумағында қоршаған орта ластанған жағдайда және бұған Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы кiнәлi екенi белгiленгенде Қазақстан Тарабы материалдық шығын келтiргенi үшiн өтем жасауға мiндеттенедi. Ластану себептерi мен оның көлемi Латвия Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.

                        11-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде дәндер мен қауiптi жүктердi теңiз жолымен өңдеу мен тасымалдау 1974 жылғы Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы халықаралық Конвенцияның қағидаларына, 1978 жылғы Хаттама мен қауiптi жүктердi тасымалдау туралы оның барлық түзетулерiне, Қауiптi жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгi туралы Халықаралық Кодекстiң қағидаларына (IМDG), Халықаралық теңiз ұйымдары мен Латвия Республикасының ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

                        12-бап

      1. Осы Келiсiмдi қолдануға және екiжақтың мүддесiн қарауға байланысты туындайтын мәселелердi шешу үшiн Келiсушi Тараптардың құзырлы органдарының өкiлдерiнен Аралас комиссия құрылады.
      2. Аралас комиссия Келiсушi Тараптардың бiрiнiң сұрау бойынша тиiстi өтiнiш түскен күннен бастап үш айдың iшiнде жиналады. Аралас комиссияның әрбiр мәжiлiс жүргiзетiн орны мен оның күн тәртiбi Келiсушi Тараптардың құзырлы органдарының арасындағы келiсуi бойынша анықталады.
      3. Жекелеген мәселелердi талқылау мен тиiстi кепiлдемелердi жасау үшiн Аралас комиссия сарапшыларды таратуы және жұмысшы топтарды құруы мүмкiн.

                        13-бап

      1. Осы Келiсiммен, сондай-ақ қатысушылары екi Келiсушi Тарап болып табылатын халықаралық келiсiмдермен реттелмеген мәселелер Келiсушi Тараптардың әрқайсысының iшкi заңдарына сай шешiледi.
      2. Келiсушi Тараптар осы Келiсiмнiң 1-бабында анықталған құзырлы органдардың қатысуымен өз елiндегi көлiк қызметiнiң жағдайында екiншi Келiсушi Тараптың мүддесiн қозғайтын өзгерiстер туралы бiрi-бiрiне хабарлап отыруға мiндеттенедi.    

                        14-бап     

     Осы Келiсiм Келiсушi Тараптардың өзге халықаралық шарттары мен келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.    

                        15-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар Келiсушi Тараптардың өзара келiсуi бойынша енгiзiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.    

                        16-бап

      1. Осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішінің процедураларын орындағаны туралы соңғы мәлімдеме түскен күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды және Келісуші Тараптардың бірі дипломатиялық арналар бойынша жазбаша түрде өзінің осы Келісім күшін тоқтататыны туралы екінші Келісуші Тарапқа мәлімдеген күннен бастап 6 ай бойына өзінің күшін сақтайды.
      1998 жылғы 19 мамырда Алматы қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тілдерінде, әрі екеуінің де заңды күші бірдей болып жасалды. Осы Келісімнің кейбір ережелері әртүрлі талқыланған жағдайда негіз ретінде орыс тіліндегі мәтін қолданылады.

    Қазақстан Республикасының      Латвия Республикасының
         Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады