Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 25 тамыз N 1236. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 175 қаулысымен. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап қаулының қолданылуы жаңғыртылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.

      Ескерту. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап қаулының қолданылуы жаңғыртылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Z070319

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі бекітілсін.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы 25 тамыздағы
N 1236 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк үлгідегі құжаттардың нысандары мен
оларды берудің тәртiбi
1. Мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың нысандары

      1. Куәлiк, аттестат және диплом қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және бiлiм берудiң және (немесе) бiлiктiлiктiң тиiстi деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын меңгергенiн растайтын құжаттардың түрлерi болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.

      2. алынып тасталды

      3. Қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткендерге мемлекеттiк үлгiдегi тиiстi құжат берiледi.

      4. Барлық түрдегi мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бет жағы 16х11 см мөлшерде қатты мұқабалы ледериннен жасалады:

      1) күңгiрт-көк түс мемлекеттiк үлгiдегi әдеттегi құжаттар үшін;

      2) көк түс үздiк белгiсi бар барлық мемлекеттiк үлгідегі құжаттар үшін;

      марапатталғандардың мемлекеттiк үлгiдегi аттестаттары үшiн.

      5. Барлық түрдегi мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бет жағының жоғары бөлiгiне бедерлi-штамптық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, төменгi бөлiгiне мемлекеттік және орыс тілдерiнде құжат түрiнiң атауы орналастырылады.

      6. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың iшкi жағының мазмұны (қолмен жазылатын деректердi есептемегенде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының кескiнi бар, қорғалу дәрежесiндегi арнайы қағазға баспаханалық тәсiлмен қара түспен басылады.

      7. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың iшкi сол жағына мазмұны мемлекеттiк тiлде, ал оң жағына дәл сондай мазмұны орыс тiлiнде көрсетiледi.

      8. Үздiк белгiсi бар мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың iшкi жақтарына құжат түрi атауының төменгi жағынан баспаханалық тәсiлмен қызыл түспен "Үздiк" және "С отличием" деген сөздер басылады.

      9. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталғандарға арналған

      аттестаттардың iшкi жағына құжат түрi атауынан төмен баспа тәсiлiмен, қола түспен "Алтын белгi" деген сөздер басылады.

      10. Мемлекеттiк үлгідегi барлық құжаттың түрiнiң жетi таңбалы нөмiрлерi (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмiрленуi сияқты) болады.

      11. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi, оларға жазылатын жазу iрi, каллиграфиялық, тушпен (сиямен) орындалатындай тұрғыда жасалуы тиiс.

      12. Барлық полиграфиялық операциялар орындалғаннан кейiн iшкi жағы арнайы желiммен мұқабаға жапсырылады.

2. Мемлекеттiк үлгідегі құжаттарды берудiң
тәртiбi

      13. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн (оның iшiнде үздiк белгiсi бар құжаттарды да) өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары:

      1) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармаларына (департаменттерiне) қажеттi мөлшерде;

      2) өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын оқу орындарына қажеттi мөлшерде бередi.

      14. "Алтын белгi" аттестатының бланкiлерiн білiм беру саласындағы мемлекеттiк органдар "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн, толтырылған түрiнде (мөрсiз) бiлiм беру ұйымдарына бередi.

      15. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бiлiм беру басқармалары (департаменттерi) мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн, қажеттi мөлшерде, өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын бiлiм беру ұйымдарына бередi.

      16. Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi тек мемлекеттiк лицензиялары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдарына ғана берiледi.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.

      17. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары, қатаң есептiлiк құжаттары ретінде, мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар бланкiлерiнiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады.

      18. Барлық бiлiм беру ұйымдары жыл сайын өздерiне берiлген

      мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

      19. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары: V074991

      бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды пайдалану туралы жыл сайынғы есебiнiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы;

      бiлiм беру ұйымдарының оларды толтыру кезiнде бүлiнген бланкiлердi өткiзуiнiң және оларды жоюдың тәртiбi туралы;

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 515 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады