Байланыс формасы

"Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қазан N 1545

      Мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн интенсивтi оқыту жүйесiн құру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Республикалық мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын. 
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн интенсивтi оқытуға барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ оны оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз ету болып белгіленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн. 
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады