Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қазан N 1582

      Шарттарының бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасасу болып табылатын, Азиялық Даму Банкінің "Алматы-Бішкек Аймақтық Жолын Қалпына келтіру жобасы" Заемы туралы келісім жасасу жөнінде алдағы уақытта Манила қаласында (Филиппин) жүргізілетін келіссөздерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм вице-министрі Қайрат Сәлімұлы Кәрібжановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады