Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Аннанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2002 жылғы 16 қазан N 160-ө

      Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрi - БҰҰ) арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2002 жылғы 17-18 қазан кезеңiнде Астана қаласында БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2002 жылғы 17-18 қазан кезеңiнде Астана қаласында БҰҰ-ның Бас Хатшысы Кофи Аннанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес БҰҰ Хатшылығы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және көлiкпен қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзу шығыстарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлігi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) БҰҰ Хатшылығы ресми делегациясы мүшелерiнің әуежайдағы, тұратын және болатын жерлерiндегі қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртіппен:

      Қазақстан Pecпубликасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, БҰҰ Бас Хатшысының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, оның Астана қаласы әуежайында қонуы мен ұшып шығуын;
      арнайы ұшаққа Астана қаласының әуежайында техникалық қызмет көрсетілуін, тұрағын және жанар май құйылуын қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi бұқаралық ақпарат құралдарында сапардың жария етілуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi БҰҰ Хатшылығының ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы өкімнің iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2002 жылғы 16 қазандағы
N 160 өкіміне    
қосымша    

БҰҰ Хатшылығы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру,
тамақтандыру және көлiкпен қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру шаралары

      1. Астана қаласында "Окан-Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiнде БҰҰ Хатшылылығы ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+15) және бiрге жүретін адамдарды орналастыру, тамақтандыру және көлікпен қызмет көрсету.

      2. "Окан-Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнің қызметкерлерiн орналастыру.

      3. 2002 жылғы 17-18 қазанда сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға aлy.

      4. Баспа өнiмдерiн дайындау (бейдждер, көлiктерге арналған арнайы рұқсатнамалар, кюверткалар).

      5. БҰҰ Хатшылығының делегациясына сыйлықтар мен кәдесыйларды белгiленген тәртіппен сатып алу.

      6. Астана қаласының әуе жайында БҰҰ Хатшылығының ресми делегациясын күтіп алу мен шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.

      7. Астана қаласының әуежайында БҰҰ Хатшылығы ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIP залы, сусындар, шай, жалаулар, Астана қаласының әуежайында және делегацияның жүретін бағыттарында қазақ және ағылшын тілдерiнде қарсы алу транспаранттары).

      8. БҰҰ Бас Хатшысының Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында күтіп алуды ұйымдастыру (құрметтi қарауыл, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әнұранын орындау).

      9. Қазақстан Республикасы Президентiнің Резиденциясында баспасөз конференциясын ұйымдастыру.

      10. БҰҰ Бас Хатшысының Қазақстан Pecпубликасы Парламентiнiң басшылығымен (Парламент ғимараты) және Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесімен (ҚР СІМ ғимараты) кездесулерiн ұйымдастыру.

      11. Астана қаласында БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан мен зайыбының құрметiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев пен зайыбының атынан ресми түскi қонақасы ұйымдастыру.

      12. БҰҰ Хатшылығы ресми делегациясының мүшелерi мен бiрге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады