"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 294-Ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жұмабеков               - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi,
Оңалсын Исламұлы          жетекшi

Әбдiлманов              - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң
Алмас Кәкiмтайұлы         Штабтар бастықтары комитетi төрағасының
                          орынбасары - Жедел жоспарлау
                          департаментiнiң бастығы

Әмрин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Кемеңгерұлы         министрi

Әшитов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы      халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

Белоног                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович    вице-министрi - Бас мемлекеттiк санитарлық
                          дәрiгерi

Божко                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Владимир Карпович         комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Дауылбаев               - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы         орынбасары (келiсiм бойынша)

Курбатов                - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-
Владимир Николаевич       министрi

Мұсайбеков              - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Сәкен Жүнiсбекұлы         коммуникациялар вице-министрi

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

      2. Жұмыс тобы 2004 жылғы 6 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады