"Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 209-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттiк органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                             2006 жылғы 25 шілдедегi
                                                 N 209-ө өкiмiмен
                                                        бекiтiлген

  "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар
   енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
 5 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
        нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Аяқтау нысаны

Орындалуға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

Жер учаскелерiн меншiкке өтеусiз беру үшiн халықаралық  қатысумен ғылыми  орталықтарды белгiлеу ережесi

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
қаулысы

БҒМ (жинақтау), ЖРА

2006 жылғы
қыркүйек

2

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiне құқық беру ережесi

Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
қаулысы

ЖРА
(жинақтау), ИСМ

2006 жылғы
қыркүйек

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады