"Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2006 - 2007 жылдарға арналған медиа-жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 217-ө Өкімі

    "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  Заңын  іске асыруды түсіндіру және ақпараттық қолдау көрсету жөнінде тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған»"Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған медиа-жоспар (бұдан әрі - медиа-жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар медиа-жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Медиа-жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

 
                                          Қазақстан Республикасы
                                           Премьер-Министрінің
                                         2006 жылғы 28 шілдедегі
                                             N 217 өкімімен
                                                  бекітілген

"Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2006 - 2007 жылдарға арналған медиа-жоспар

       Осы медиа-жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, қызметкерлерінің "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) түсіндіру жөніндегі теле- және радиосюжеттерін, ақпараттық хабарламаларын, сөйлейтін сөздерін, сұхбаттарын, комментарийлерін ашық жариялауды болжайды.

      Мақсаты:
      Республика халқының арасында Заң ережелерін түсіндіру жөнінде кең ауқымды жұмыс.

№N

Іс-шараның атауы, тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдары

Орындалуына  жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау тақырыбына бейне және аудиороликтер прокатын құру және қамтамасыз ету 

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "31 арна" ЖШС, "Рахат" ЖШС", "Эра" ТВ" ЖШС 

Әділетмині, МАМ

2006 жылғы шілде

2.

Әкімдер орынбасарларының, аудандардың салық комитеттерінің төрағалары орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалы қ бұқаралық ақпарат құралдары 

Әділетмині, МАМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЖРА, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы тамыз

3.

Заңды іс жүзінде іске асыру мәселелері бойынша өңірлік семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары

Әділетмині,  МАМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЖРА, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері  

2006 жылғы тамыз  

4.

"Мүлікке рақымшылық жасау - Қазақстанның ашық экономикасын құрудың маңызды элементі" тақырыбына "дөңгелек үстел" отырысын өткізу 

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "31 арна" ЖШС, "Казахстанск ая правда" республикалық газеті" ААҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ, "Литер-Медиа" ("Айқын" газеті) ЖШС, "Литер-медиа групп" ("Литер" газеті) ЖШС, "Ел-медиа групп" ("Ел" газеті) ЖШС, "Мегаполис"  ЖШС, "Экспресс-К газетінің редакциясы" ЖШС

Әділетмині, МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЖРА, БП  

2006 жылғы  тамыз  

5.

Мүлікті жария ету мәселелері бойынша әлемдік тәжірибе мен отандық практиканы түсіндіре отырып, талдамалы мақалалар дайындауды және орналастыруды қамтамасыз ету

Барлық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына қайта баса отырып "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ, "Литер Медиа" ("Литер" газеті) ЖШС, "Литер Медиа" ("Айқын" газеті) ЖШС, "Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ, "Экспресс-К" газетінің редакциясы" ЖШС

МАМ, Әділетмині, Қаржымині, ИСМ, АШМ, СІМ, ЖРА   

2006 жылғы тамыз  

6.

Мүлікті жария ету мәселелері бойынша бұқаралалық ақпарат құралдарындағы және Интернет желілеріндегі жарияланымдардың мониторингін ұйымдастыру 

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдары

Әділетмині, МАМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЖРА  

2007 жылғы сәуірдің  соңына дейін  

                          Ақпараттық жұмыс

7.

Заңды түсіндіру жөніндегі жаңалық хабарларында сюжеттер ұйымдастыру 

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "31 арна" ЖШС, "Рахат" ЖШС, "Эра ТВ" ЖШС

МАМ  

2006 жылғы шілде   

8.

Талдамалық бағдарламаларда мүлікті жария етудің тетіктерін талқылау жөнінде кеңейтілген комментарийлерді ұйымдастыру 

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "31 арна" ЖШС, "Рахат" ЖШС, "Эра ТВ" ЖШС

Әділетмині, МАМ, Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, ЖРА, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері  

2006 жылғы шілде  

9.

Шетел аудиториясы үшін Заңды түсіндіре отырып, ақпараттық хабарларды тұрақты көрсетуді ұйымдастыру

"Хабар" агенттігі" АҚ (Caspionet)  

СІМ, Әділетмині, МАМ  

2006 жылғы шілде - 2007 жылғы сәуір   

10.  

Қазақстан Республикасының салық органдарындағы мүлікті жария етуді жүргізу мәселелері бойынша ашылған сюжеттерді ұйымдастыру  

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдары  

МАМ, Қаржымині  

2006 жылғы тамыз  

11.  

Заңды ақпараттық-насихаттау жұмыстарына және оның негізгі қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен партиялық фракцияларының өкілдерін тарту ("дөңгелек үстелдер", жұртшылықпен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалар мен сөз сөйлеу) 

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдары 

МАМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және Мәжілісінің баспасөз- қызметтері  

2006 жылғы тамыз  

12.  

Заңның негізгі ережелерін түсіндіретін интерактивті хабарлардың шығуын ұйымдастыру  

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "31 арна" ЖШС, "Рахат" ЖШС, "Эра ТВ" ЖШС

Әділетмині, МАМ

2006 жылғы тамыз  

13.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, облыстық және қалалық мемлекеттік органдар басшыларының мүлікті жария ету мәселелері борйынша комментарийлері бар сөз сөйлеуін және сұхбатын қамтамасыз ету

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары 

облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МАМ  

2006 жылғы тамыз  

14.  

Мынадай мақалар серияларын дайындау және орналастыру:
- "Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы";
 
 
 
 
 
- "Заңға сәйкес жария етілетін жер учаскелеріне құқықты ресімдеу тәртібі";
 
 
 
 

- "Заңның әлеуметтік-экономикалық маңызы";
 
 
 
 
 
 

- "Заң шеңберінде мүлікті жария ету жөніндегі іс-шараларында жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі";  

 
 
 
"Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ, "Литер-Медиа" ("Айқын" газеті) ЖШС

"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ, "Литер-Медиа" ("Литер" газеті) ЖШС

"Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ, "Ел-медиа групп" ("Ел" газеті) ЖШС 

"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ, "Ел-медиа групп" (Республика.kz газеті) ЖШС 

 
 
 
Қаржымині                           

 

 

 
ЖРА

 

 

 

 

ЭБЖМ

 

 

 
 
 

Әділетмині  

 

 

 

 

2006 жылғы тамыз  

 15.

"Еркін микрофон" қағидаты бойынша мүлікті жария ету мәселелері жөнінде азаматтарға жедел-сұрақ ұйымдастыру   

"Қазақстан" РТРК" АҚ  

МАМ  

2006 жылғы қараша 

 16.

Мынадай: 
Заң шеңберінде мүлікті жария ету үдерісінің жартыжылдық қорытындысы бойынша;
 
Заңды іске асыру қорытындылары Әділет министрімен сұхбат ұйымдастыру    

 
"Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ 
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ   

Әділетмині  

 
2006 жылғы желтоқсан

 
 
2007 жылғы сәуір  

 17.

Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері, Жер ресурстарын басқару агенттігі өкілдерін мүлікті жария ету мәселелері бойынша сұхбатын ұйымдастыру  

"Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ, "Литер Медиа" ("Айқын" газеті) ЖШС, "Литер-Медиа" ("Литер" газеті) ЖШС, "Заң" медиа-корпорациясы" ("Заң газеті", "Юридическая газета") ЖШС   

Әділетмині, МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ЖРА, ЖС, БП   

2006 жылдың соңына дейін  

                            Арнайы жобалар

18.

"Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ-ның сайтында Заңның негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде арнайы айдар ашу 

"Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ

МАМ, Әділетмині

2006 жылғы шілде - 2007 жылғы сәуір

19.

Мемлекеттік органдардың сайттарында Заңды түсіндіру жөнінде айдарлар (беттер) ашу және материалдарды орналастыру  

Мемлекеттік органдардың ресми сайттары

Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, СІМ, ЖРА

2006 жылғы шілде - 2007 жылғы сәуір

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғамы;
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі;
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
АШМ - Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
ААҚ - ашық акционерлік қоғамы;
РТРК - республикалық телерадиокорпорациясы;
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады