Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгiзу жөнiндегi 2006 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 223-ө Өкімі

      "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының  2-1-бабын  iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса берiліп отырған Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгiзу жөнiндегi 2006 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің 
                                           2006 жылғы 9 тамыздағы
                                               N 223-ө өкімімен  
                                                  бекітілген     

        Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел
   енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны 

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің):
1)халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасауды қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде мамандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғыртуды және бухгалтерлік қызметтердің қызметкерлерін ХҚЕС бойынша оқытуды көздейтін іс-шаралар жоспарын;
2) ХҚЕС талаптарына жауап беретін есепке алу саясатын;
3) ХҚЕС-ға көшу күніне теңгерім баптарын түгендеудің нәтижелерін;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 426 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) негізінде бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын бекітуін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині (Н.А.Коржова) (жинақтау),  ЭБЖМ (Б.Ә. Палымбетов), БҒМ (Б.С. Әйтімова), ККМ (А.Ұ. Мамин), 
АШМ (А.С. Есімов), ИСМ (В.С. Школьник), ЭМРМ (Б.С.Ізмұхамбетов), 
МАМ (Е.Қ. Ертісбаев),  Еңбекмині (Г.Ж. Қарақұсова), АБА (А.Қ. Жұмағалиев), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі(С.М. Мыңбаев) 

2006 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

  

2.

Қаржы ұйымдарды үшін қарыздар беру кезінде аудит жүргізілуі міндетті қарыз алушылардың соңғы қаржы жылында ХҚЕС қаржылық есеп беруіне сәйкестігі туралы пікір білдірілетін аудиторлық есепті ұсыну талабын белгілеу.

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (А.Ғ. Дунаев)

2006 жылғы қараша

Болжанбайды

  

3.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу кезінде ХҚЕС-ға сәйкес жылдық қаржылық есеп беруді ұсынған эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпарат беру.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат

ҚҚА (А.Ғ. Дунаев)

2006 жылғы қараша

Болжанбайды 

  

4.

Табиғи монополияларды реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық ХҚЕС ережелеріне сәйкес келуіне талдау жүргізу. 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне  ақпарат

ТМРА (Б.Ә. Сағынтаев) Қаржымині (Ә.А. Смайылов)

2006 жылғы қазан

Болжанбайды

  

5.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (Н.А. Коржова) ҚҰБ (Ә.Ғ. Сәйденов), ЭБЖМ (М.Ә. Құсайынов),  БҒМ (Б.С. Әйтімова) Аудиторлар палатасы (С.Х. Көшкімбаев)

2006 жылғы қазан 

Болжанбайды

  

6.

ХҚЕС мәтінінің жаңартуларын мемлекеттік тілге ресми аударуды және оны жариялауды қамтамасыз ету.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау

Қаржымині (Н.А. Коржова)

2006 жылғы желтоқсан

2006 жылы - 1080,0

Республикалық бюджет

7.

ХҚЕС ерекшеліктерін меңгерген мамандар даярлауды қамтамасыз ету, оның ішінде:
1) ХҚЕС жөнінде оқулықтар дайындау;
2) ХҚЕС-ға және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес "Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудит" курсын бекіту;
3) оқытушылар құрамын және студенттерді ХҚЕС-ға оқыту жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат

БҒМ (Б.С. Әйтімова)
ҚҰБ (Ә.Ғ. Сәйденов)

2006 жылғы қыркүйек

2006 жылы - 2940,0

Республикалық бюджет

8.

Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде аудитті міндетті түрде жүргізу белгіленген өнім әлеуетті жеткізушілер конкурстық рәсімдерге қатысқан кезде олардың қаржылық есеп берудің ХҚЕС-ға сәйкестігі туралы пікір білдірілетін аудиторлық есепті ұсынбау фактілерін анықтау жөніндегі бақылау іс-шараларын өткізу. 

Қазақстан Республикасының Үкіметіне іс-шаралар нәтижелері туралы есеп

Қаржымині (Ә.Ж. Сұлтанғазин)

2006 жылғы қараша

Болжанбайды 

  

9.

Акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар арасында ХҚЕС-ға көшу бөлігінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымдардың ХҚЕС-ға көшуінің жай-күйі туралы ақпарат беру. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 

2006 жылғы қараша

Болжанбайды

  

10.

Осы іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині (Н.А. Коржова)

2006 жылғы желтоқсан 

Болжанбайды

  

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      ҚҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады