Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 252-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды Астана қаласында өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз eту" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Өзбекстан Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын, Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын және өткiзсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Өзбекстан Республикасының ресми делегациясын баратын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында және "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтi қарсы алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2006 жылғы 29 тамыздағы 
N 252-ө өкiмiне   
қосымша       

Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне 1+11 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының басшылары мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Өзбекстан Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Шаралар өтетiн жерлердi гүлдермен безендiру.
      8. Ресми делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады