Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтiң, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновтың, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң бейресми кездесуiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 253-ө Өкімі

      Өңiрлiк ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 1-4 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтiң, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновтың, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң бейресми кездесуiн дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 2006 жылғы 1-4 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтiң, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновтың, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң бейресми кездесуiн (бұдан әрi - кездесу) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы ресми делегацияларының (бұдан әрi - ресми делегацияларының) мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      кездесудi Астана қаласында және Бурабай демалыс аймағында өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi ресми делегациялар мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтiң, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновтың, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi кездесудi бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын және өткiзсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияларды баратын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Ақмола облысының әкiмi ресми делегацияларды баратын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, Бурабай демалыс аймағын дайындау, көшелердi безендiру және көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында және "Ақорда" Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясында Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтi, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновты, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтi қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.

      9. Осы өкiмнiң іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2006 жылғы 29 тамыздағы 
N 253-ө өкiмiне     
қосымша         

Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы,
Өзбекстан Республикасы ресми делегацияларының
мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне, Бурабай демалыс аймағында 1+3 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру, сондай-ақ оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне және Бурабай демалыс аймағында орналастыру.
      3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерi үшiн сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресми делегацияларды Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қырғыз Республикасының Президентi Құрманбек Бакиевтiң, Тәжiкстан Республикасының Президентi Эмомали Рахмоновтың, Өзбекстан Республикасының Президентi Ислам Каримовтiң құрметтерiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Шаралар өтетiн жерлердi гүлдермен безендiру.
      8. Ресми делегациялардың мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. 2006 жылғы 2-4 қыркүйекте Бурабай демалыс аймағында жұмысқа тартылған қызметкерлерге радиостанцияларды жалға алу.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады