Польша Республикасының Президентi Л.Качыньскийдiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 69-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Польша Республикасының Президентi Л.Качыньскийдiң 2007 жылғы 28 - 30 наурыз кезеңiнде Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Польша Республикасы делегациясының мүшелерiне "1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Польша Республикасының делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Польша Республикасының Президентi Л. Качыньскийдiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің атынан ресми түскi ас кезiнде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкiмi Польша Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының әуежайында поляк делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2007 жылғы 28 наурыздағы
N 69-ө өкiмiне   
қосымша  

Польша Республикасы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Поляк делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйiне "1+1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету. 
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Польша Республикасының Президентi Л.Качыньский, оның жұбайы және Польша Республикасы делегациясының мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Поляк делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру. 
      6. Іс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде гүлмен безендiру.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Польша Республикасының Президентi Л.Качыньскийдiң құрметiне Астана қаласында ресми түскi ас және оның жұбайының құрметiне түскi ас ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелерiне және бiрге жyретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады