Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 7-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;
      2) жарты жылда бір рет, 20 маусымға және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жиынтық ақпарат берсін.

       Премьер-министр                                    К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                           2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                               N 7-ө өкімімен
                                                  бекітілген

   Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту
  жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Қаржыландыру көздері және болжамды шығыстар (мың теңге)

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының аумағында перспективалық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша консультанттарды, сарапшыларды, халықаралық қаржы институттарын және экономикалық ұйымдарды тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, СІМ, Қаржымині, АШМ, "Самұрық-
Қазына"  ҰӘҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша)

Республикалық бюджет (001 ИСМ бағдарламасы), 2009 жылы - 12 100,0; 2010 жылы - 12 100,0

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

2

Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында перспективалық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының ілеспе және көмекші өндірістерінің елеулі өсуін қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік инвестицияларды тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ТСМ, ККМ, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ (келісім бойынша)

Талап етілмейді

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

3

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық портал құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық портал құру туралы ақпарат

ИСМ

Республикалық бюджет (001 ИСМ бағдарламасы), 2009 жылы - 7 000,0

2009 жылы желтоқсан

4

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық порталды толтыру және сүйемелдеу үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды беру

ИСМ-ге ақпарат

ЭМРМ, АШМ, ККМ, ТСМ, ЭБЖМ, СІМ, Қаржымині, Қоршағанортамині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҮХ" АҚ (келісім бойынша)

Республикалық бюджет (001 ИСМ бағдарламасы), 2009 жылы - 1 000,0; 2010 жылы - 5 750,0

2009 жылғы желтоқсаннан бастап ай сайын

5

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін үнемі жұмыс істейтін жарнамалық-ақпараттық іс-шараларды (оларды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерлерге тарата отырып, имидждік өнімдерді, ақпараттық-тұсау кесерлік материалдарды, бейнероликтерді және т.б. шығару жолымен) өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, МАМ, ТСМ

Республикалық бюджет (001 ИСМ бағдарламасы), 2009 жылы - 10 775,0; 2010 жылы - 11 530,0

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

6

Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту және инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсауын кесу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында және шет елдерде инвестициялық форумдар, семинарлар мен конференциялар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ТСМ, ККМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша)

Республикалық бюджет (001 ИСМ бағдарламасы), 2009 жылы - 16 150,0; 2010 жылы - 11 450,0

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

7

Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелері бойынша шаралар кешенін әзірлеу

ИСМ-ге ақпарат

ДСМ, АШМ, ЭМРМ

Талап етілмейді

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                       министрлігі
ЭБЖМ                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
                       бюджеттік жоспарлау министрлігі
ИСМ                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                       министрлігі
ККМ                  - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                       министрлігі
ЭМРМ                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                       минералдық ресурстар министрлігі
Қоршағанортамині     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлігі
МАМ                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                       министрлігі
АШМ                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                       министрлігі
ТСМ                  - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                       министрлігі
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                       акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ     - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады