Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласын дамытудың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 1-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласын дамытудың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) жартыжылдық қорытындылары бойынша 5 шілдеден және 5 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жыл сайын 25 шілдеде және 25 қаңтарда Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласын дамытудың
2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)*

Қаржыландыру көзі

1

2

4

5

6

7

8

1. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру

1

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою және қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

2013 жыл

Талап етілмейді

Талап етілмейді

2

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

2013 жыл

14,5

РБ
(001 «Көлік және коммуникация саласында саясатты қалыптастыру, үйлестіру және бақылау бойынша қызметтер»)

3

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ базасында ИКАО өңірлік авиациялық қауіпсіздік оқу орталығын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, БҒМ

2013 жыл

Талап етілмейді

Талап етілмейді

4

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы мамандықтарының тізбесіне азаматтық авиация саласы мамандықтарын енгізу бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ (жинақтау), ККМ

2013 жыл

Талап етілмейді

Талап етілмейді

2. Әуежайлар мен әуеайлақтар инфрақұрылымын дамыту

5

Қызылорда, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Астана, Өскемен, Семей, Шымкент қалаларының мемлекеттік әуежайларын біріктіру жолымен басқарушы компания құру жөніндегі ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ККМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

Талап етілмейді

6

Тараз қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және № 2 рульдеу жолағын қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), ЭДСМ, Жамбыл облысының әкімдігі

2013 жыл

4 761

РБ
(006 «Әуе көлiгi инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту»)

7

Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөніндегі ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

2013-2014 жылдар

Талап етілмейді

Талап етілмейді

8

Авиакөлікке «е-freight» ИАТА стандартын енгізу жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «Эйр Астана» АҚ (келісім бойынша), ҚР әуежайлары (келісім бойынша)

2015 жыл

1 000

Бюджеттен тыс қаражат

3. Аэронавигациялық жүйені дамыту

9

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ӘҚБАЖ), авиациялық электр байланысы, навигация жүйелері, қадағалау жүйелері, ұшуды электр техникалық камтамасыз етуді жетілдіру орталықтарын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «ҚАН» РМК

2013-2014 жылдар

27 248

Бюджеттен тыс қаражат

10

ҰРТҚ ғимараттарын, құрылыстары мен объектілерін салу және күрделі жөндеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «ҚАН» РМК

2013-2014 жылдар

13 602

Бюджеттен тыс қаражат

11

Аэронавигациялық ақпаратты халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «ҚАН» РМК

2013-2014 жылдар

579

Бюджеттен тыс қаражат

12

Әуе трассаларының және әуеайлақтардың географиялық координаталарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарында айқындау және жариялау үшін бірыңғай тірек жүйесі ретінде 1984 (WGS-84) – Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «ҚАН» РМК

2013 жыл

1 600

Бюджеттен тыс қаражат

13

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жүйесін ИКАО талаптарына сәйкес келтіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «ҚАН» РМК

2015 жыл

600

Бюджеттен тыс қаражат

4. Авиациялық қызметтер көрсетуді дамыту

14

«2013–2020 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытудың негізгі міндеттері, басымдықтары және бағыттары» тақырыбында зерттеу жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, «ҚАН» РМК (келісім бойынша)

2013 жыл

150

Бюджеттен тыс қаражат

15

Халықаралық және ішкі әуе қатынастарын одан әрі ырықтандыру жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), СІМ

2013-2014 жылдар

Талап етілмейді

Талап етілмейді

16

Ел экономикасының авиациялық қызметтер көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ қызметтер сапасын арттыру мақсатында әуе кемелерінің паркін жаңарту жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2013-2014 жылдар

39 750

Бюджеттен тыс қаражат

17

Әлеуметтік маңызды авиамаршруттарды субсидиялауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), Қаржымині, облыс әкімдері

2013-2015 жылдар

Тиісті қаржы жылына РБ-да көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ
(019 «Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»)

5. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

18

Азаматтық авиация саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

Талап етілмейді

19

Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді ИКАО талаптарына және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес келтіру жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

Талап етілмейді

      Ескертпе:
      * іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді түзеу кезінде нақтыланатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ӘҚБАЖ – Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі
      ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
      ИАТА – Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы
      «ҚАН» РМК – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      РБ – Республикалық бюджет
      ҰРТҚ – ұшуды радиотехникамен қамтамасыз ету
      WGS-84 – 1984 - Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу
      АҚ – Акционерлік қоғам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады