Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 13.02.2017 № 17; 27.07.2017 № 99-ө өкімімен.

Р/с№

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

2

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Е.А. Біртанов

3.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

4

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялы диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды,медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы қараша

А.В. Цой

5

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы ақпан

Е.А. Біртанов

6.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2017 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

7

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы ақпан

Е.А. Біртанов

8.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

9

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы қараша

А.В. Цой

10.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

11.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

12.

Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

13.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

14.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен ондағы сақтандыру мерзімін есептеу қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

15

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы

ДСӘДМ

2015 жылғы желтоқсан

А.В. Цой

16.

Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ Қаржымині

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

17.

Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларын және мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады