"Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 40-ө өкімі.

      1. "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:

      "2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары" деген тарауда:

      екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) отандық тауарлар өндірісін, қызметтер көрсетуді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру.";

      "Бірінші бағыт: Әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген тарауда:

      үшінші абзац алып тасталсын;

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

      "ВАК шешімінің негізінде жұмыстар мен объектілердің өзге де түрлерін іске асыруға жол беріледі.";

      "Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырудың тәртібі мен шарттары" деген тарауда:

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең төменгі екі мөлшерінен кем болмайтын деңгейде белгіленеді.";

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мониторингі" деген тарауда:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мониторингіне "Адалдық алаңы" өңірлік жобалық офистері, қоғамдық бірлестіктер тартылуы мүмкін.";

      "Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін бөлу ВАК отырысында мақұлданады.";

      "Екінші бағыт: Отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлік субъектілерін қолдау" деген тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші бағыт: Отандық тауарлар, қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бағыт шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, шағын бизнестің, микрокәсіпкерліктің, оның ішінде отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жоспарларын қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша міндеттерді шешу көзделеді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бөлінген қаражаттың мақсатты тағайындалуы – бизнес-жобаларды қорғаған "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу.";

      "Инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредиттер беру тәртібі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микрокредиттер беру тәртібі

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқу бітіргені туралы сертификат алған және бизнес-жоспарды қорғаған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) қатысушылары Жол картасы шеңберінде қолдау алуға үміткерлер болып табылады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу микрокредит алудың міндетті шарты болып табылады.

      Микрокредит беру жаңа жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін ЖАО "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – "АКК"АҚ) кредит беру жөніндегі өңірлік ұйым ретінде айқындайды.

      Микрокредит беру мақсатында ЖАО мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:

      1) жылдық 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу;

      3) негізгі борышты өтеу бойынша бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған күннен бастап есептеледі.

      "АКК" АҚ-ның кредиттеу бойынша қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен қабылданады. Кәсіпкерлік немесе ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО кредит беру бойынша "АКК" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

      "АКК" АҚ-ға бюджеттік кредиттер беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – он жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір);

      3) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай;

      4) нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларына микрокредит беру үшін мемлекет қатысатын микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) қорландыру.

      МҚҰ қорландырудың шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық және нысаналы пайдалану шарттарында жүзеге асырылады;

      2) кредит беру мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 % (екі) дейін;

      4) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай, бірақ келесі қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей;

      5) нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес -жоспарларын микрокредиттеу.

      Кредит беру бойынша "АКК" АҚ /МҚҰ негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

      Бюджеттік кредитті кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 171-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттарға жіберуге жол берілмейді.

      Сондай-ақ, мұндай жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын мүліктің нысаналы мақсаты кредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертілетін жағдайларды қоспағанда, тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетін өнім өндіруге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) бюджеттік кредит берілмейді.";

      "Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі

      "Бастау Бизнес" жобасының түлектеріне микрокредиттер беру шарттары:

      1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:

      ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін);

      қалаларда, моноқалаларда – Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 (алты жарым) мың АЕК-ке дейін;

      Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;

      3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 % (алты) аспайды;

      4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, МҚҰ "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АКК" АҚ-мен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі;

      6) қарыздардың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – микрокредит беру қағидалары) сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушы қызметінің бағытына сәйкес айқындалады.

      МҚҰ ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес жобаға бағалау жүргізеді, содан кейін микрокредит берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      МҚҰ түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді дербес қабылдайды.

      МҚҰ кредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін түпкілікті қарыз алушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасады.

      Микрокредит шарттары, қарыз алушының кредитті қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың санаты, қарыз мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен белгіленеді және кредит шартында көрсетіледі.

      Көрсетілген мерзімдер өткенге дейін кредит қаражаты игерілмеген жағдайда, "АКК" АҚ/МҚҰ ЕҰ олардың жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді, өз кезегінде ЖАО республикалық бюджетке қайтаруды жүзеге асырады.";

      "Есептілікті ұсыну және кредиттік қаражатты пайдалану мониторингін жүргізу тәртібі" деген тарауда:

      бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түпкілікті қарыз алушы МҚҰ-да кредитті алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде кредиттердің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды/мәліметтерді қоса бере отырып растайды. Жаңа жұмыс орнын құру кредит алған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде жасалған еңбек шартымен расталады. Еңбек шарты бұзылған кезде босаған жұмыс орнына басқа жұмыскер жұмысқа орналасады, бұл да тиісті шартпен (уақытша (маусымдық) жұмыс орындарын қоспағанда) расталады.

      Егер түпкілікті қарыз алушы жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде нысаналы пайдаланылуын және жұмыс орындарының құрылуын растамаған жағдайда, түпкілікті қарыз алушы мен МҚҰ арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде айыппұл төленеді және алынған қаражат толық көлемде кредиторға қайтарылады.

      МҚҰ ішкі құжаттарға және түпкілікті қарыз алушылармен жасалған шарттың талаптарына сәйкес кредиттің нысаналы пайдаланылуы толық расталғанға дейін қаржыландырылған инвестициялық жобалар қаражатының мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ түпкілікті қарыз алушылардың Жол картасының талаптарын орындауына мониторинг жүргізеді.

      МҚҰ берілген кредиттер бойынша есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін, сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде ЖАО-ға және "АКК" АҚ-ға кредиттерді нысаналы пайдалану жөнінде есеп береді.

      Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      екінші жолдағы "2021 жылғы қаңтар" деген сөздер "2020 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі жиырма тоғызыншы жолмен толықтырылсын:

      "

29

ЖАО (49 %) және ҰКП (51 %) қатысуымен МҚҰ құру

МҚҰ-ны әділет органдарында тіркеу

ЖАО, ҰКП-мен бірлесіп Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау обл., ШҚО, БҚО, СҚО және Шымкент қ.

2021 жылғы ақпан

талап етілмейді

талап етілмейді

Кредиттер беруді ұйымдастыру

  ".

      Жұмыспен қамтудың 2020 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "МҚҰ – микроқаржы ұйымы;

      ҰКП – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы".".

      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады