Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 174-ө өкімі.

      Инвестиция саласында Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Корея Республикасының әлеуетті инвесторлары үшін инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу;

      2) Корея Республикасының компанияларымен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың мониторингі;

      3) Корея Республикасының компаниялары қатысатын жобалар бойынша жедел және проблемалық мәселелерді шешу жұмыс тобының негізгі міндеттері ретінде айқындалсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 174-өөкіміне
қосымша

Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс тобының құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      "КАZАКН ІNVESТ" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акңионерлік қоғамының инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы Тесһ Нub Limited бас директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)

      "Каzаkһsаn Іnvestment Dеvеlорmеnt Fund (КIDF) Маnagement Соmpany" Ltd. жеке компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады