Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр      Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 145-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасына қарыз қаражатын (үкіметтік және мемлекеттік кепілдікпен) беру және тиімді бөлу мәселелері жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

      5. Үйлестіру кеңесінің отырыстары мемлекеттік органдардың тиісті өтінімдері болған кезде, сондай-ақ қолданыстағы жобаларды іске асыру мәселелерін қарау қажет болған жағдайда айына бір реттен сиретпей өткізіледі. Үйлестіру кеңесі төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсыныстары бойынша кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін.

2-тарау. Үйлестіру кеңесінің міндеттері

      6. Қойылған мақсат шеңберінде Үйлестіру кеңесіне мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен, мемлекеттік кепілдікпен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру мәселелерін, қаражатты қарыз санаттары бойынша қайта бөлу, қарызды жабу күнін ұзарту, қарыз қаражатының күшін жою, жобаны мерзімінен бұрын жабу, жобаларды қайта құрылымдау және жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзге де мәселелерді қарау;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы шеңберінде жобаларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдары бойынша ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау.

3-тарау. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      7. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 145-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2023 № 126-ө; 19.10.2023 № 162-ө; 29.04.2024 № 55-ө өкімдерімен.

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша);

      халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан:

      Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры (келісу бойынша)

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің Инфрақұрылымдық инвестициялар департаментінің бас директоры (келісу бойынша)

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісу бойынша)

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан бойынша директоры (келісу бойынша)

      Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Еуропалық Инвестициялық Банктің шығыс көршілерге және Орталық Азия елдеріне кредит беру жөніндегі бас кеңесшісі (келісу бойынша)

      Ислам Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өңірлік өкілдігінің директоры (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады