"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы №122-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 180-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 122-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 29 маусымдағы Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2023 жылғы қараша

И.В. Лепеха

2.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2023 жылғы қараша

И.В. Лепеха

  ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, ұлттық жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ,
БҚДА
(келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

И.В. Лепеха,
Б.Қ. Сәмбетов

  ".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады