Арнаулы оқу-тәрбие мекемелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 ж. 13 шiлде N 286-ө

      Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Дене бiтiмiнiң немесе ақыл-ойының дамуында кемiстiктерi бар балалар мен жас өспiрiмдерге арналған арнаулы оқу-тәрбие мекемелерiнiң жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" 1991 жылғы 11 ақпандағы N 91 және "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi 1992 - 1995 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 16 желтоқсандағы N 783 қаулыларын орындау үшiн:
      1. Дамуында ауытқушылығы бар Балаларды қорғау лигасының және Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Алматы, Қостанай, Семей қалаларында және Алматы облысының Шамалған селосында бюджеттен тыс қаражат есебiнен қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектепке дейiнгi мекемелер мен арнаулы мектептердi жобалау мен салу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      Осы объектiлердiң жобалау-iздестiру және құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыруды, сондай-ақ тапсырыс берушi мiндетiн Лиганың Жоғарғы Кеңесi жүзеге асыратындығымен келiсiлсiн.
      2. Алматы, Қостанай, Семей облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi мамандандырылған мектепке дейiнгi мекемелер мен арнаулы мектептердi салу үшiн Балаларды қорғау лигасына құрылыстан бос, табиғи-климат жағдайы қолайлы жер учаскелерiн бөлсiн және инженерлiк коммуникациялар құрылысы мен жоғарыда аталған объектiлердiң, жылу энергия көздерiне, сумен жабдықтауға және канализацияға қосылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ұлттық банкi Лиганың өтiнiмi бойынша Республикалық валюта қорынан импорт бойынша жабдықтар мен дәрi-дәрмек сатып алу үшiн жыл сайын қажеттi валюта қаражатын бөлiп отырсын.
      4. Ұлттықбанк, Қазәлеуметбанк және республиканың басқа да банкiлерi дамуында ауытқушылығы бар балалар арнайы бiлiм алатын, оқытылатын, тәрбиеленетiн және емделетiн объектiлердi салу үшiн Лигаға жеңiлдетiлген кредиттер бөлiнуiне жәрдемдесетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi жаңа мамандандырылған оқу-тәрбие мекемелерi мен емдеу мекемелерiн салу мен құруға байланысты мәселелердi шешуде Балаларды қорғау лигасына ұйымдастырушылық-практикалық жағынан көмек көрсетсiн.

      Премьер-министр
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-министрiнiң
                                            1993 жылғы 14 шiлдедегi
                                                N 286 өкiмiне
                                                   қосымша

         Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды қорғау
         лигасы салуға тиiстi мамандандырылған мектепке
         дейiнгi мекемелер мен арнаулы мектептердiң
                         ТIЗБЕСI

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады