Қымбат металлдар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 7 ақпандағы N 42

      Алтын құймаларына Қымбат металдардың Лондон рыногы ассоциациясының халықаралық белгiсiн алу мақсатында: 
      1. "Алтыналмас" ұлттық акционерлiк компаниясы, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, "Rothschild & Sons Limited" Банкiсiмен (Ұлыбритания) Қымбат металдардың Лондон рыногы ассоциациясында алтын құймаларды аттестациядан өткiзу бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде контракт жасасын. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жалпы салмағы 126 кг құйма және сынама алтынды сыртқа әкетуге рұқсат берiлсiн.<*> 
      Ескерту. 1-тармақтың екiншi абзацына өзгерiс енгiзiлген - 
               ҚРМК-нiң 1995.04.17. N 141-ө Өкiмiмен.  
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жалпы салмағы 126 кг құйма және сынама алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң "Rothschild & Sons Limited" Банкiсiндегi металл шотына кейiннен аттестациядан қалған алтынның мөлшерiн салатын етiп әкетуге лицензия берсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне алтынның көрсетiлген мөлшерiн оның Лондонға жөнелтiлу шамасына қарай алдын ала төлем жасау ұсынылсын. Түпкiлiктi есеп айырысу алтынның қалған мөлшерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң қалған мөлшерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң "Rothschild & Sons Limited" Банкiсiндегi металл шотына есептелгеннен кейiн жасалсын. 
      Аттестацияға жiберiлген алтын "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы мен "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының Ұлттық Банктiң алдындағы қымбат металдар жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн орындау есебiне жатқызылсын. 
      4. Тасымалдау, сақтандыру, аттестациялау жөнiндегi шығыстар "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының есебiнен өтелсiн. 

      Премьер-министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады