"Сарыарқаполиметалл" АҚ ақцияларын мемлекеттiк комитетке тапсыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 жылғы 13 қарашадағы N 0451

      Қазтұтынуодағы жүйесiндегi инвестициялық жекешелендiру қорларының "Сарыарқаполиметалл" акционерлiк қоғамы акцияларының 46 процентiн швейцарияның "NAKOSTA AG" фирмасының басқаруына беруге байланысты:
      1. Жекешелендiрiлгенге дейiн "Сарыарқаполиметалл" акционерлiк қоғамы акцияларының 39 процентi мөлшерiн швейцарияның "NAKOSTA AG" фирмасының басқаруына беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне кәсiпорындарды басқару туралы келiсiмнiң шарттарын орындауға бақылау жасауды iске асыру мiндеттелсiн және оған осы өкiмдi жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады