Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi бiрiншi орынбасарының Өкiмi

      Үкiмет Басшыларының Кеңесiмен мақұлданған Көпфункционалды "Мир" телерадиохабарларын таратудың спутниктiк жүйесiнiң жобасы бойынша "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының (бұдан былай - "Мир" МТРК) Қазақстан филиалының материалдық-техникалық базасын құру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 520 өкiмiнiң негiзiнде:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және "Қазақстан Теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы бiр апта мерзiм iшiнде "Мир" Мемлекетаралық телерадиокомпаниясына (Қазақстан) құрылтайшы мемлекеттiң үлестiк жарнасы есебiнен Республика алаңындағы 13-үйден ауданы 700 шаршы метрге дейiн қызметтiк үй-жайлар беретiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Эксимбанкi:
      "Мир" МТРК жобасын Қазақстан Республикасына 1995 жылы берiлетiн "Жұмсақ" кредиттiк желiлердiң бiрiне қосуға жәрдем жасасын;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде "Мир" МТРК жобасына сараптама жасасын және тиiстi қорытындысын берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өткiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша аталған Жобаның Қазақстанға қатысты бөлiгiн 1995 жылғы маңыздылығы басым жобалардың индикативтi тiзбесiне қоссын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi, "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы "Мир"
мемлекетаралық телерадиокомпаниясына (Қазақстан) бөлiнетiн үйге
республиканың бюджеттiк ұйымдары үшiн белгiленген шарттар бойынша
қалалық және үкiметтiк (2-ҮАТС) телефон, халықаралық факсимилдi
байланыс орнататын болсын.
     5. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмiне
жүктелсiн.

     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады