Дәрi-дәрмектiк заттар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 3

      1. Қазақстан Эксимбанкi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне 24.941.781 DM сомасындағы дәрi-дәрмектiк заттарды берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      "Елiм-ай" халықаралық экологиялық қорының кредит бойынша алынған қаражатты барынша қайтаруын ескерiп, медикаменттердi сатудың тәртiбi мен тетiгiн айқындасын;
       емдеу мекемелерiнiң талаптарын ескере отырып, "Фармация" акционерлiк қоғамының жүйесi арқылы дәрi-дәрмектiк заттарды халыққа сату мен бөлудi қамтамасыз етсiн; <*>
      дәрiлердi сақтауға, тасуға байланысты шығыстарды медициналық тауарлар құнына жатқызып, есептеуге ұсынсын;
      медикаменттердi халыққа сатудан түскен ақша қаражатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң арнайы шотына шоғырландырсын.
      Ескерту. 2-тармақтың 3-шi абзацынан сөздер алынып тасталды -
               ҚР Үкiметiнiң 1996.03.05. N 280 қаулысымен. P960280_
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi дәрi-дәрмектердi ТМД елдерiне қайта экспортқа шығаруға лицензия беруге рұқсат етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп дәрi-дәрмектердi бөлу мен сатуға бақылау жасау жөнiнде Комиссия құрып, оған:
      медикаменттерге баға белгiлеу және дәрiлердi сатуға бақылау жасау;
      сатуға жiбергенге дейiн дәрi-дәрмектiң жарамдылық мерзiмi өткенiн анықтау және оларды белгiленген тәртiппен жою құқықтарын берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi денсаулық сақтау мекемелерiне дәрi-дәрмек босату шаралары бойынша сомаларды есептеу жүргiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады