Берешектi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 10 қазан N 477

      "Шығыс Қазақстан облысы түстi металлургия кәсiпорындарын дағдарыстан шығару жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 425 P960425_ қаулысының 10-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулыны орындау барысы туралы 1996 жылғы 19 шiлдедегi мәжiлiсi N 7 хаттамасының 7-тармағын орындау мақсатында:
      1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi мен "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген Өскемен қаласында емдеу-сауықтыру кешенiнiң құрылысын салу кезiнде "Лавчевич" акционерлiк қоғамы" хорват фирмасына валюталық берешегiн фирмаға қондырылмаған медициналық, инженерлiк-техникалық жабдықты және материалдарды, сондай-ақ емхананың медициналық жабдығын қайтару есебiнен өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы пайда болған берешектi өтеудi ескере отырып "Лавчевич" акционерлiк қоғамы" фирмасына жоғарыда аталған жабдық пен материалдарды қайтаруды ұйымдастыру жөнiндегi негiзгi контрактiге қосымшаға қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi контрактiге қосымшада көрсетiлген жабдық пен материалдарды кеден процедураларына төлем жасаусыз қайта экспорттауға рұқсат етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы темiр жол басқармасы темiр жолмен жүктi тасымалдауды Ресей Федерациясының шекарасынан өтiп Локоть станциясына дейiнгi барлық жоқ бойында сақтандырусыз ресiмдесiн.
      5. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп үш ай мерзiм iшiнде Өскемен қаласындағы емдеу-сауықтыру кешенiн одан әрi пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасауды өзiмде қалдырамын.
     Премьер-Министрдiң
       орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады