Iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы тамыздағы N 255

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң апаттық су басу нәтижесiнде зардап шеккен Польша халқына 130 тонна I сорт ұн (екi темiр жол вагоны) беру түрiнде iзгiлiк көмек көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан:
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - ұн сатып алумен және тиеумен байланысты шығыстарды өтеуге 3,0 (үш) миллион теңге;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - Польша халқына iзгiлiк жүктi тасымалдаумен байланысты шығыстарды өтеуге 500 (бес жүз) мың теңге бөлiнсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi iзгiлiк көмек бар вагондарды уақтылы берудi, жөнелтудi және Алматыдан Беларусь Республикасының Брест темiр жол станциясына дейiн жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған iзгiлiк көмек жүгiн Польша аумағында күтiп алуды және оны тағайындалуы бойынша берудi ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған мақсаттарға бөлiнген қаражаттың үстiнен қосымша шығыстар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады