"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 29 желтоқсан N 179-ө

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Z952368_ Заңына сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай тізбелерді бекіту туралы шешімдерінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін:
      кеден аумағында өңдеудің кеден режиміне қоюға тыйым салынған тауарлардың тізбесі;
      өңдеу мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін, кеден аумағында өңдеудің кеден режиміне қоюға жататын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі;
      өңделген өнімінің шығару көлемін уәкілетті мемлекеттік органдар

 

белгілейтін, кеден аумағында өңдеудің кеден режиміне қоюға жататын

тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі;

     кедендік бақылаумен өңдеудің кеден режиміне қоюға тыйым салынған

тауарлардың тізбесі;

     еркін кеден аймақтарына қоюға тыйым салынған тауарлардың тізбесі;

     өнімді өңдеудің мерзімдері мен көлемін уәкілетті мемлекеттік органдар

белгілейтін, кеден аумағынан тысқары өңдеуге жататын тауарлардың жекелеген

түрлерінің тізбесі;

     бұйымдар немесе материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін, жоюдың

кедендік режиміне орналастыруға жіберілген тауарлардың тізбесі.

     2. Осы өкімнің атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады