Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 20 желтоқсан N 21/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төрағаның мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкiлдердің:
      өтiнiш субъектiсiнен - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Б.Ғ. Жүсіповтің,
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен - Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковтың,
      Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiнен мемлекеттiк-құқық бөлiмiнің аға референтi И.М. Ахметованың,
      қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесi Қ.Ә. Омархановтың және отырыс қатысушыларының сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      1. Республиканың Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 5 желтоқсанда Республика Парламентiнің 31 депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 26-бабының 3-тармағына және 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiшi келiп түсті.
      Республика Үкiметi, Республика Ұлттық Банкiнің (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде бастама жасаған заң жобасы өтiнiш беру үшiн себеп болды. Өтiнiштен келіп шығатыны, заң жобасы Ұлттық Банктің екiншi деңгейдегi банктердің акцияларын, кейiннен инвесторларға дереу сататын етiп, капиталдың терiс мөлшерi жағдайында мәжбүрлеп сатып алуы мәселелерiне қатысты. Депутаттар, акцияларды мәжбүрлеп сатып алудың қажет екендiгiне күмән келтiрмей отырып, ол Ұлттық Банктің талап етуi бойынша сот тәртiбiмен ғана iске асырылуы тиiс деп есептейдi. Олардың пiкiрiнше, мұндай көзқарас Республика Конституциясының K951000_ 26-бабы 3-тармағынан және 76-бабы 2-тармағынан туындайды.
      Өтiнiш субъектiсi жоғарыда аталған конституциялық нормаларды түсiндiру кезiнде мынадай: Республика Конституциясына сәйкес, Азаматтық кодекстің K941000_ 86-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, екiншi деңгейдегi банктердің акцияларын сот тәртiбiнен тыс мәжбүрлеп сатып алуға жол беруге бола ма; Ұлттық Банкке екiншi деңгейдегi банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдау құқығын беру және осы акцияларды аталған шешiм негiзiнде сатып алу соттан тыс органға сот функциясын беру болып табылмай ма, - деген сұрақтарға жауап берудi өтiнедi.
      2. Республика Конституциясының K951000_ нормаларын және конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
      Конституцияның 26-бабы 3-тармағы екi бөлiктен тұрады: бiрiншісi - "соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды", екiншісi - "заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн".
      Соттың шешімiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды деген конституциялық норма, меншік құқығын қорғау кепiлдігін көздейтiн конституциялық ереже болып табылады. Алайда, аталған ереже абсолюттi болып табылмайды және мүлiктi иелiктен айыру кезiнде мiндеттi түрде алдын ала сот шешiмi болуын көзде тұтпайды. Конституциялық Кеңестің мұндай құқықтық позициясы оның 2000 жылғы 16 маусымдағы N 6/2 S000006_ қаулысында бiлдiрiлген. Меншiк иесiнің мүлкiн иелiктен айыру, Конституцияның K951000_ 26-бабы 3-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған мынадай: заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн; құны тең бағамен өтелген кезде, - деген мiндеттi шарттар орындалғанда ғана мүмкiн болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыда аталған конституциялық шарттар мiндеттi түрде орындалған кезде ғана, сот рәсiмдерінің шеңберiнен тыс меншiктен айыруға жол бередi.
      Конституция "мемлекет мұқтажы", "ерекше жағдайлар", "құны тең бағамен өтелген кезде", - деген ұғымдарды анықтап отырмайды. Конституция бұл мiндеттi заңдарға жүктейдi. Бұл орайда шектеулердің қойылар шегi, олардың сипаты заңдарда еркiн түрде емес, Республика Конституциясы K951000_ 39-бабының талаптарына сәйкес айқындалады.
      Меншiк иесiнің ықтиярынсыз меншiк құқығы тоқтатылуының нақты негiздерi Республика Азаматтық кодексінің K941000_ 249-бабы 2 және 4-тармақтарында, 86-бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген. Мынаны да ескерген жөн, мүлiктi мәжбүрлеп алып қою (сот тәртiбiмен немесе сот тәртiбiнен тыс), бұл негiздеме Азаматтық кодексте көзделгенде ғана мүмкiн болады (249-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы). Бұл аталған ереже АК-тiң 3-бабында көзделген азаматтық заңдардың жалпы бастауларынан келiп туындайды.
      26-баптың 3-тармағының "соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды", - деген конституциялық нормасы, әркiмнiң де өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына деген құқығын жүзеге асыруының кепiлдiгi болып табылады. Меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтату туралы шешiмдерге сотқа шағымдану мүмкiндiгi - бұл Республика Конституциясының K951000_ 13-бабы 2-тармағынан туындайтын жалпы кепiлдiк. Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 14/2 S000014_ қаулысынан келiп шығатынындай, бұл конституциялық кепiлдiк заңмен белгiленген тәртiппен, сотқа жүгiну арқылы әркiмнің де құқықтары мен бостандықтарының әртүрлi озбырлықтан қорғалуын көзде тұтады. Бұл орайда, Конституцияның 76-бабы 2-тармағына сәйкес, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен даулар соттарға ведомстволық қарасты болады.
      Республика Конституциясының 6-бабы 2-тармағының "... Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi", - деген нормасының мағынасынан, меншiк құқығын қорғау және қамтамасыз ету мақсатында, меншік иелерінің құқықтарын бұзған мемлекеттiк органның және лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне шағымдану тәртiбi заңмен көзделуi мүмкiн екендiгi келiп туындайды. Республиканың Азаматтық iс жүргiзу кодексінің K990411_ (бұдан әрi - АIЖК) нормаларына сәйкес, азамат бұзылған немесе дауланып отырған конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге хақылы.
      АК-тiң K941000_ 86-бабының 6-тармағы Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алуын көздейдi. Дау туындаған жағдайда акциялардың иесi АIЖК-iмен белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуi мүмкiн. Осы арқылы, мүлiктi иелiктен айырудың заңдылығы мен негiзділігiне мiндеттi түрде кейiнгi сот бақылауы (Республика Конституциясы K951000_ 76-бабының 1 және 2-тармақтары), сондай-ақ, азаматтардың өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің сот арқылы қорғалуына деген конституциялық құқығын кез-келген жағдайда жүзеге асыруына кепiлдiк берiлген мүмкiндiк көзде тұтылады (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы).
      3. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, заңда белгiленген тәртiппен есептелген капиталдың терiс мөлшерi бар болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу сияқты мүлiктi иелiктен айырудың мұндай негiздемесi АК-тiң K941000_ 86-бабының 6-тармағымен көзделген.
      Бұл аталған норманың конституциялылығы Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 8 S960008_ қаулысымен дәлелденген. Сонымен бiрге, бұл нормада акцияларды мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырудың соттық немесе соттан тыс тәртiбi белгiленбейдi.
      Меншiктi иелiктен айырудың нақты механизмiн құқықтық реттеу мүмкiндiгi, Республика Конституциясының K951000_ 61-бабы 3-тармағына сәйкес, заңмен реттеу саласына қарайды, ал ол Республика Парламентiнiң құзырына жатады.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 26-бабы 3-тармағын, "соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды", - деген бөлiгiнде бұл ереже меншiк құқығын қорғау кепiлдiгiн көздейтiн конституциялық ереже болып табылады деп түсiнген ләзiм. Бұл бөлiк мүлiктi иелiктен айыру кезiнде алдын ала сот шешiмiнің мiндеттілігiн белгiлемейдi.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын, "заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру, оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн", - деген бөлiгiнде, осы бөлiкте аталған шарттар орындалған кезде ғана, меншiк иесiнің мүлкiн иелiктен бұлайша айыруға болады деп түсiну керек.
      Меншiктi иелiктен айырудың нақты механизмiн құқықтық жолмен белгiлеу заңмен реттеу саласына қарайды, ал ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің құзырына жатады.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 76-бабы 2-тармағының "сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады", - деген нормасын, өтiнiштің мән-жайына қатысты қолданыста, бұл конституциялық ереже меншiк құқығының даусыз тәртiппен тоқтатылуына жол бермейдi деп түсiну керек.
      Алдын ала сот шешiмi негiзiнде де, меншiк иесi мемлекеттiк органның тиiстi шешiмiне заңмен белгiленген тәртiппен шағымданған жағдайда, меншiктi иелiктен айырудың заңдылығы мен негiзділігiне мiндеттi түрде кейiнгi сот бақылауы кезiнде де, заңға сәйкес мүлiктi иелiктен айыру мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 74-бабы

3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және 
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей 
міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында 
көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.
     4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 
тілдерінде жариялансын.
     
     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесі
     Төрағасының міндетін атқарушы 
          
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады