Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 1 Нормативтік қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008.02.07.  N 1  Нормативтік қаулысымен.

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002.04.12.  N 1/2  қосымша қаулысын қараңыз. 

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың: 
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы әдiлет вице-министрi Р.Ш.Шамсутдиновтің; 
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ә.Т.Жүкеновтің; 
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Б.Ж.Әбдiрайымов пен Н.И.Мамонтовтың, 
      қатысуымен өткен өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру жөніндегi өтiнішін қарады. 
      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар Конституциялық Кеңестің мүшелерi Н.I.Өкеев пен В.Д.Шопиндi, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi 2002 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн конституциялық iс жүргiзуге қабылдады. Бұл орайда өтiнiш субъектiсi осы конституциялық ережелердің мәнiнен: 
      1. Тұлғаның аралық сотқа жүгiнуi Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  13-бабында кепілдiк берiлген сот қорғауына оның құқығын iске асыру болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасындағы әдiл сотты тек Қазақстан Республикасы сот жүйесiнің соттары ғана жүзеге асырады немесе осы ұғымға дауларды аралық соттардың қарауы жатады. 
      3. Тараптардың заңға сәйкес дауды аралық соттың шешуiне беру туралы шарт жасасуы кейiн осы дауды Қазақстан Республикасының сот жүйесi соттарының қарауын болдырмайды, деген сияқтылар туындайды ма дейтiн мәселелер қояды. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  13-бабы 2-тармағының және 75-бабы 1-тармағының нормаларын талдау кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi. 
      Конституцияның 13-бабы 2-тармағына ресми түсiндiрменi Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2  S990007_  қаулыда берген болатын. Кеңес, "Әркiмнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар" деген конституциялық принцип, кез-келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшін сотқа шағымдануға құқығы бар екенiн бiлдiредi. Бұл құқықты пайдалану заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен жүзеге асырылады, деп түсiндiрдi. 
      Конституцияның  K951000_  13-бабы 2-тармағының - әркiмнің сот арқылы қорғалуына құқығы бар деген нормасы, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берiлетiн конституциялық кепілдiк болып табылады, сондықтан Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сай ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс. 
      Сонымен бiрге, Конституцияның 13-бабы 1-тармағында әркiмнің өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғау құқығы белгiленген. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi  K941000_  жалпы бөлiмiнің 9-бабы 1-тармағында және Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  K990411_  25-бабында көзделген, мүлiктiк дауды аралық соттың қарауы осындай тәсілдің бiрi болып табылады, ол жерде азаматтық құқықтарды қорғауды аралық соттың жүзеге асыратындығы белгiленген. 
      Аралық сотқа жүгiну мүмкiндiгi азаматтық құқықтар табиғатының өзiнен келiп туындайды. Азаматтық кодекстің  K941000_  2-бабы шарт еркiндiгi принципiн баянды етiп, азаматтар мен заңды тұлғаларға өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесін көздей отырып ие болу және оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн бередi. Олар шарт негiзiнде өздерінің құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi. 
      Конституцияның  K951000_  "Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады" деген 75-бабының 1-тармағын, мемлекеттiк билiктің сот тармағын бiлдiретiн органдар ретiнде, соттар ғана сот төрелiгiн жүзеге асырады деп түсiнген жөн. Республика Конституциясымен және сот жүйесi туралы конституциялық заңмен белгiленетiн, Республиканың бiрыңғай сот жүйесiне кiретiн, заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және жергiлiктi соттары Республиканың соттары болып табылады (Конституцияның 75-бабының 3 және 4-тармақтары). 
      Конституцияның 76-бабы 1-тармағына сай, Республиканың сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-мiндетi азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнің, халықаралық шарттарының негiзінде туындайтын барлық iстер мен даулар, Республиканың сот жүйесiне кiретiн соттарға ғана ведомстволық бағынысты болады (Конституцияның 76-бабының 2-тармағы). Конституцияда және конституциялық заңда көзделген тәртiппен өкiлеттiк берiлген кәсiби судьялар сот билiгiн атқарушылар болып табылады. Бұл орайда олар сотта iс жүргiзудің заңмен белгiленген нысандары арқылы сот төрелiгiн жүзеге асырады (Конституцияның 75-бабының 2-тармағы). Соттар шешімдерінің, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады (Конституцияның 76-бабының 3-тармағы). Олардың орындалуы, заңмен белгiленетiн, мәжбүрлеу және жауапкершілiк шараларынан тұратын құқықтық механизм арқылы қамтамасыз етiледi. 
      Аралық сот Конституциямен де, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы"  Z000132_  конституциялық заңмен де Республиканың сот жүйесiне енгiзiлген және сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiнде айрықша өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк соттарға жатқызылмаған. Аралық сот заңмен құрылмайды, оны тараптардың өзi сайлайды және оған өтiнiш тараптардың келiсiмi негiзiнде берiледi. Тараптардың дауды аралық сотқа беру туралы шартта баяндалған өзара келiсiмi мен еркi, аралық сот қызметiнің негiзi болып табылады. 
      Аралық соттың мүлiктiк дауларды шешу жөнiндегi қызметi және оның шешімдерiн орындау механизмi заңмен реттелмеген, сондықтан тараптардың бiрi аралық соттың шешiмiн орындаудан бас тартатын немесе оның ұйғарымымен келiспейтiн кезде күрделi жағдайлар туындайды. Бұл жағдайға Конституциялық Кеңес өзiнің "Қостанай облыстық сотының "Экономикалық дауларды шешу үшiн аралық соттар туралы үлгi ереженi" конституциялық емес деп тану туралы өтінімi жөнiнде" 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2  S000001_  қаулысында назар аударған болатын. 
      Мұндай жағдайда шарттасушы тараптардың бiрi өзiнiң бұзылған құқықтарын одан әрi Республика соттарында қорғау мүмкiндiгiнен шектеледi. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  K990411_  249-бабы 5) тармақшасына сай, сот, егер тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешiмiне беру туралы келiсiм жасалса және жауапкерден iстi мәнi бойынша қарау басталғанға дейiн дауды сотта шешуге қарсылық бiлдiрiлсе, арызды қараусыз қалдырады. Бұл нормадан туындайтыны, екi жақтың - арыз берушi мен жауапкердің келiсiмi болғанда ғана аралық соттың шешімiне шағымдану мүмкiн. Сол себептi, сот арқылы қорғалу құқығы екiншi бiр жақтың қалауына тәуелдi болып қалады. 
      Мұндай заңдық шектеу Конституцияның  K951000_  4-бабы 2-тармағының, 13-бабы 2-тармағының, 75 және 76-баптарының - барлық заңдар және солардың негiзiнде жасалатын шарттар Республика Конституциясына сәйкес болуға тиiс, - деген нормаларымен үйлеспейдi. Демек, дауды аралық сотта шешу, тараптардың Конституциямен және заңдармен сот төрелiгiн жүзеге асыру құқығы берiлген соттарға жүгiнуiне бұдан кейiн кедергi бола алмайды. 
      Осылайша, Республика Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiште қойылған мәселелерге қатысты Конституциялық Кеңес мынадай ұйғарымға келдi: 
      1. Аралық сот Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн жүзеге асыратын сот жүйесiне кiрмейдi, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың арасындағы экономикалық дауларды олардың ерiктi қалауы бойынша қарайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар үшiн аралық сотқа жүгiну, олардың Конституцияның 13-бабы 2-тармағымен белгiленген құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығын жүзеге асыру болып табылмайды. 
      2. Конституцияның 75-бабы 1-тармағымен баянды етiлген, "Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады" деген конституциялық принцип Республиканың сот жүйесiне кiретiн соттарды ғана қамтиды. Дауларды аралық соттардың қарауы сот төрелiгiн жүзеге асыруды бiлдiрмейдi. 
      3. Тараптардың дауды аралық соттың шешуiне беру туралы азаматтық-құқықтық шарт жасасуы, бұдан кейiн осы дауды Республиканың сот жүйесi соттарының қолданыстағы заңдарда белгiленген тәртiппен қарау мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. 
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37, 40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының "Әркiмнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар" деген 13-бабы 2-тармағын, кез келген адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн заңмен белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар деп түсiнген жөн. 
      Республика Конституциясының "Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады" деген 75-бабының 1-тармағы, Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгiленген, Қазақстан Республикасының бiрыңғай сот жүйесiне кiретiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және жергiлiктi соттарына ғана сот төрелiгiн жүзеге асыру құқығы берiлгенiн бiлдiредi. 
      Конституцияның 76-бабы 1-тармағына сай, аталған соттар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғай отырып, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, сот билiгiн Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады.

      2. Өтiніш нысанына қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағының және 75-бабы 1-тармағының нормалары, азаматтар мен заңды тұлғалар үшiн аралық сотқа жүгiну олардың құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына конституциялық құқығын жүзеге асыру болып табылмайды; дауларды аралық соттардың қарауы "сот төрелiгi" деген ұғымға жатпайды, Республикада оны соттар ғана жүзеге асырады; тараптардың дауды аралық соттың шешуiне беру туралы азаматтық-құқықтық шарт жасасуы, бұдан кейiн осы дауды Республиканың сот жүйесi соттарының қолданыстағы заңдарда белгiленген тәртiппен қарау мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және Парламентінің назары аралық соттарды ұйымдастырудағы және олардың қызметiн құқықтық регламенттеудегi келiспеушілiк пен толымсыздыққа аударылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  74-бабы 3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

      5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесiнің
      Төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады