Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 29 қаңтар N 543

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қызметтi регламенттеу мақсатында қаулы етемін:

      1. <*>
       Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509   Жарлығымен   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" 2000 жылғы 23 тамыздағы  N 402 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      2-тармақта: 
      1) тармақшадағы "Қордың шотында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) тармақшадағы "Қор қаражатының" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi жылдық есептi табыс етедi.".

      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi: 
      2001 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану үшiн қажеттi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бiрлесiп, осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қолдансын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509   Жарлығымен   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң        
2001 жылғы 29 қаңтардағы  
N 543 Жарлығымен      
БЕКIТIЛГЕН         

  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану ережесi <*>

       Ескерту: Ереже алынып тасталды - ҚР Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509   Жарлығымен   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады