Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығы.

      Заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.06.2016 N 275 Жарлығрымен.

       1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы N 3044 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 17 мамырдағы
N 873 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу
тәртібі

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге ұсынылады.

      2. Үкіметтің заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы (бұдан әрі - Жоспар жобасы) Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің қолы қойылып 15 қарашасына дейін беріледі және жоспарланған жылдың алдындағы 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі. Бұл ретте Жоспар жобасы заң жобаларының тізбесінен өзге, заң жобаларының негіздемесі мен Парламент Мәжілісіне енгізу мерзімі көрсетілген тиісті түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс.

      Үкімет қабылданып қойылған заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының болмаса оның орнындағы адамның қолы қойылып Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба міндетті тәртіпте қоса беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06 N 1434, 2010.11.03 N 1092 Жарлықтарымен.

       3. Ұсынылған Жоспар жобасы немесе Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жобасы Президент Әкімшілігінің заң қызметіне (бұдан әрі - Бөлім), Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне пысықтау үшін беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.11.03 N 1092 Жарлығымен.

       4. Жоспар жобасы пысықталғаннан және Президент Әкімшілігінің Басшысымен келісілген тиісті қорытынды дайындалғаннан кейін Мемлекет басшысына ұсынылады.

      Жоспар жобасына сараптама жасау және ол бойынша Президент Әкімшілігіне қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жоспар жобасын Республика Президентімен келісу Мемлекет басшысының тиісті бұрыштама қоюы арқылы жүзеге асырылады. Келісілген Жоспар жобасы ұсыныстармен және ескертулермен (бұлар болған жағдайда) Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның уәкілеттік беруімен Әкімшілік Басшысының тиісті орынбасары қол қойған қорытынды түрінде Мемлекет басшысының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, оны одан әрі бекіту үшін Үкіметке қайтарылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.11.03 N 1092 Жарлығымен.

       4-1. Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасына сараптамадан және тиісті қорытынды дайындалғаннан кейін Әкімшілік Басшысына ұсынылады.

      Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын сараптамадан өткізу мерзімі ол Әкімшілікке келіп түскен күннен 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Әкімшілік Басшысымен Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын келісу Әкімшілік Басшысының тиісті бұрыштама қоюы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.11.03 N 1092 Жарлығымен.

       5. Премьер-Министр Кеңсесі Президент Әкімшілігін Үкіметтің заң жобалары жұмысының жай-күйі туралы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі

      6. Әзірленген және тиісінше ресімделген заң жобасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Парламентіне заң жобасын ұсыну үшін Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарымен бекітілген мерзімінің басталуына дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей келісуге ұсынылады. Президент Әкімшілігіне келісуге заң жобаларын ұсыну мерзімі бойынша талап Бюджет кодексін іске асыруға жыл сайын әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды. Бұл ретте құжаттар топтамасында заң жобасымен бірге заң жобасын жан-жақты қарау үшін барлық қажетті материалдар (құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржылық негіздеме, сараптау қорытындылары және т.б.) болуға тиіс. P021300

      Президент Әкімшілігіне алдын ала келісуге ұсынылатын заң жобалары мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер жойылғаннан кейін ғана енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06 N 1434, 2008.04.24 N 576, 2010.11.03 N 1092 Жарлықтарымен.

       7. Заң жобасы Президент Әкімшілігіне ұсынылғаннан кейін оны Президент Әкімшілігінің Бөлімі мен өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Мемлекет басшысының тиісті көмекшілері мен кеңесшілері пысықтайды.

      Заң жобасына сараптама жасау және Президент Әкімшілігінде ол бойынша қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл ретте кодекстер және кодекстерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобалары жобалары бойынша осындай мерзім 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.11.03 N 1092 Жарлығымен.

       8. Заң жобасына сараптама жасалып, Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшілері мен кеңесшілерінің тиісті қорытындылары дайындалғаннан кейін материалдар айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып, одан әрі пысықталу үшін Әкімшілік басшылығының қолы қойылып Премьер-Министр Кеңсесіне жіберіледі. Аталған қорытындылар олардың көшірмелерін жіберу арқылы Президенттің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігіне жеткізіледі.

      Осы Ережелердің 10-тармағында көзделген заң жобалары бойынша қорытындылар Президент Әкімшілігінің Басшысымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

      Заң жобасына Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің теріс қорытындысы болған жағдайда материалдар осы қорытындымен бірге, ол бойынша әрі қарай түпкілікті шешім қабылдау үшін Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысына жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24 N 576, 2010.11.03 N 1092 Жарлықтарымен.

       9. Заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігі көрсеткен ескертулерді жойғаннан, не заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен пайда болған келіспеушіліктерді жойғаннан кейін Үкімет заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. P021300

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.03.13. N 64 жарлығымен .

      10. Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Парламентте қаралуы Мемлекет басшысының атынан басым деп айқындау жоспарланған заң жобалары;

      2) Мемлекет басшысының тиісті тапсырмалары іске асырылатын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдарды, кодекстерді өзгерту мен толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық

      қатынастарды реттейтін заң жобалары;

      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21. N 413; 05.05.2017 № 471 Жарлықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады