Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.".

      2. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығында:

      1-тармақта:

      3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) министрліктер ведомстволарының санын, штат санының лимиттерін, министрлер орынбасарларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктерінің қызметтерін, ведомстваларын, департаменттерін құруды, таратуды, қайта ұйымдастыруды, сондай-ақ штат санының лимиттерін ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен алдын ала келісу бойынша жүргізсін;";

      4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдетсін, 2000 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым дайын жүйелерінің базасында оның негізгі элементтерін пысықтап, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен құруға кіріссін;";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері ведомстволардың санын, мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін, олардың басшы лауазымды адамдарының санын ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіссін.

      Орталық мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын қоспағанда) мен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар Үкіметтің және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті қорытындылары ескеріле отырып қаралады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қорғаныс министрлігінің штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қорытындысынсыз енгізілуі мүмкін.".

      3. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі".

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қауісіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісу бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының ұсынылған жобасы немесе жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы жоба Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөліміне (бұдан әрі – Бөлім), Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне пысықтау үшін беріледі.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспар жобасын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу Мемлекет басшысының тиісті қарар шығаруы арқылы жүзеге асырылады. Келісілген Жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысы не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қол қойған қорытынды түрінде ұсыныстармен және ескертулермен (бұлар болған жағдайда) бірге оны Мемлекет басшысының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, одан әрі бекіту үшін Үкіметке қайтарылады.";

      5-тармақ алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      152-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-2. Президенттік резервті бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";

      152-4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына іссапармен барған, қойылатын талаптарға сәйкес келетін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшесі басшысының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы орынбасарының әскери қызметшіні іссапарға жіберген мемлекеттік органның бірінші басшысымен келісілген ұсынымы бойынша Президенттік резервке алынуы мүмкін.";

      152-8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-8. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі Президенттік резервке кандидаттардың тізімін қалыптастырғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келіседі, содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысына бекітуге енгізеді.".

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі".

      8. "Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдардың штат санын және олардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты қысқарту нәтижесінде босаған мемлекеттiк бюджеттiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үстемеақылар белгілеу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сметасының (бюджетi) есебiнен қамтылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны арттыруға пайдалану құқығы берілсін.".

      9. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамында:

      "әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары";

      "әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      10. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелерінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі".

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 19), 21) тармақшаларына, 45-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.";

      24-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Президентпен келісу бойынша Кеңсе бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;

      4) Президенттің қарауына Президенттің көмекшілерін, Президенттің кеңесшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;";

      25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысы белгілеген адам атқарады.

      26. Президенттің көмекшілерін, Президенттің кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері:";

      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері, Президенттің кеңесшілері ие болады. Бұл ретте аталған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Үкіметі Аппараты Басшысының функцияларын қоса атқаратын лауазымды адамға тапсырмалар беруге құқылы.".

      12. Алып тасталды – ҚР Президентінің 22.01.2024 № 806 Жарлығымен.

      13. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:

      32-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі тапсырмалардың жобасын үш жұмыс күні ішінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісімен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік жасайтын Президенттің көмекшілерімен және Президент Кеңсесінің бастығымен, Мемлекеттік құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен электрондық түрде келіседі.".

      14. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі".

      15. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.

      * Тізбе – "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.";

      8-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Комиссия отырыстарын өткізу орнын, уақытын және форматын айқындайды;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай тікелей, сырттай қатысу форматында немесе ойлайн-форматта өткізіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      16. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

      6-тармақта:

      3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;";

      "6) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының Көлік министрі;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;";

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрі;";

      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі;".

      17. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президенттік резервті қалыптастыру "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесінде көзделген лауазымдарға қатысты жүзеге асырылады*.

      * – тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша жүзеге асырылатын құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздігі департаменттерінің және жедел бөлімшелерінің бастықтарын (басшыларын) қоспағанда.

      5. Құқық қорғау органдарының президенттік резервін бекіту "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамалық шешімімен жүзеге асырылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік резервін бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) қызметкерлерінің президенттік резервін бекітуді Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің президенттік резервін бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің (бұдан әрі – Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      6. Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қатысты – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне (бұдан әрі – Құқық қорғау жүйесі бөлімі);

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне;

      Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарына қатысты –Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөліміне жүктеледі.

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервіне ұсынылған Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.";

      10-тармақта:

      екінші бөлімнің 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтердің көрсетілгені анықталған жағдайда Президенттік резервке алу үшін ұсынылған қызметкерлерге қатысты материалдар Құқық қорғау жүйесі бөлімінен, Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінен және Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінен кері қайтарылмай, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кадр бөлімшелері жоғарыда аталған кемшіліктерді жоя алады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі, Құқық қорғау жүйесі бөлімі және Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі тоқсан сайын:";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Құқық қорғау жүйесі бөлімі Құқық қорғау органдарының президенттік резервіне кандидаттардың тізімі қалыптастырылғаннан және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісімен келісілгеннен кейін Комиссияның төрағасына отырысты өткізуге дайын екенін хабарлайды және Комиссияның барлық мүшелерін отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік резервіне кандидаттардың тізімі қалыптастырылғаннан және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізеді.";

      13-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының президенттік резервіне кандидаттардың тізімі қалыптастырылғаннан және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізеді.";

      20-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының кадр бөлімшелері Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кадр бөлімшесі Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.".

      18. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі".

      19. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-1) тармақшасына және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

      1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының экс-Президенттері.";

      мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3 -тармақтармен толықтырылсын:

      "13-1. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесінің бастығы.

      13-2. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері.

      13-3. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.".

      20. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрі Кеңестің хатшысы болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      21. "Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 Жарлығында:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;

      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі – Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Мемлекеттік органдардың Одақ Сотына өтініштері Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жіберіледі.".

      22. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары".

      23. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік саяси қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған кезде оны мерзімінен бұрын алу тиісінше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті лауазымды адамдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша жүргізіледі.".

      24. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Сэр Сума Чакрабарти (Sіr Suma Сһаkrаbаrtі), Кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі".

      25. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

Қазақстан Республикасының Президенті

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Қазақстан Республикасының Президенті

  ";

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы тағайындайтын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілерінің және өзге де құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы тағайындайтын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өзге де құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  ".

      26. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының мемлекеттің өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысты үйлестіруші кеңесшісі";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Шығыс Қазақстан облысының әкімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Абай облысының әкімі

      Жетісу облысының әкімі

      Ұлытау облысының әкімі";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)".

      27. "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.".

      28. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президенті алдында Кеңестің жұмысы туралы есеп береді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы".

      29. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      30. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      31. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:

Нұртілеу
Мұрат Әбуғалиұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі,

Жұманғарин
Серік Мақашұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары,

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары,

Ерғалиев
Әсет Арманұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі,

Шарлапаев
Қанат Бисимбайұлы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс министрі,

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы,

Байбазаров
Нұрлан Серікұлы

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Қарабаев
Марат Кәрімжанұлы

Қазақстан Республикасының Көлік министрі,

Шаққалиев
Арман Абайұлы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Ғ.О. Пірматов, Б.Т. Сұлтанов, сэр Сума Чакрабарти, М.Б. Тілеуберді, Е.Л. Тоғжанов, Қ.А. Өскенбаев шығарылсын.

      32. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тарауда:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.".

      33. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкімінде:

      1-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы," деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі,";

      бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,".

      34. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кенестің лауазымдық құрамында:

      "әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі";

      "мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі".

      35. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімінде:

      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі".

      36. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 қазандағы № 60 өкімінде:

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Смайылов Әлихан Асханұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Скляр Роман Васильевич

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Ерғалиев
Әсет Арманұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Асылов
Берік Ноғайұлы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Сапаров
Айдарбек Сейпілұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Есқараев
Азамат Несіпбайұлы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Шарлапаев
Қанат Бисимбайұлы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Шаққалиев
Арман Абайұлы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Қуантыров
Әлібек Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Айтжанов
Асхат Әбдірахманұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Ақтөбе облысы өңірлік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Әбдіразақов
Елдар Советұлы

"Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Әбілов
Қанат Алтынбекұлы

"DD21" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Әкпар
Дулат Бекманапұлы

"Нәтиже" сүт фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Баталов
Райымбек Әнуарұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша)

Богачев
Сергей Николаевич

"Авиа Центр Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

Дайрабаев
Жигули Молдақалықұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Доскенов
Талғат Каскенұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)

Ескендіров
Мұқаш Зұлқарнайұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Жамбыл облысы өңірлік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Көкенов
Қайрат Нұрадинұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Астана қаласы өңірлік кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Қадиров
Бахытбек Русланұлы

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)

Қаниев
Берік Серәліұлы

"Lancaster Group" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Манжанова
Ирина Рихардовна

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)

Нагуманова
Тахмина Утагалиевна

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Овсянников
Владимир Вячеславович

"Method" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Радостовец
Николай Владимирович

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Рахымбаев
Айдын Жұмаділұлы

"BI Group" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов
Нұрлан Еркебұланұлы

"Astana Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)

Туреханов
Владимир Байдуллаевич

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Шаяхметова
Үміт Болатханқызы

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ілиясов
Еркебұлан Сайдоллаұлы

"AlageumGroup" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

  ".
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Комиссия төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, Комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 823 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      "Астана ЭКСПО – 2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Орталық Азиядағы директоры (келісім бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі / Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)

      "Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығының директоры (келісім бойынша)

      "Жасыл" экономиканы" қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "KazWaste" қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төралқа төрағасы (келісім бойынша)

      "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 414 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

      Жоғары кеңестің мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілердің ТІЗБЕСІ

      1. "Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 800 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 тамыздағы № 1179 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 1412 Жарлығы.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығы.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 305 Жарлығы.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қазандағы № 422 Жарлығы.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 516 Жарлығы.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 854 Жарлығы.

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 909 Жарлығы.

      12. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 918 Жарлығы.

      13. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 10-тармағы.

      14. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 1010 Жарлығы.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 204 Жарлығының 1-тармағының 5) тармақшасы.

      16. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 14-тармақтары.

      17. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      19. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 451 Жарлығы.

      20. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 503 Жарлығы.

      21. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      22. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 және "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 742 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      23. "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      24. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      25. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 799 Жарлығы.

      26. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 10-тармақтары.

      27. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 191 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 7-тармақтары.

      28. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 275 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және 9-тармақтары.

      29. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 316 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      30. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 357 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      31. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 10-тармақтары.

      32. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 642 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      33. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 782 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      34. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      35. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

      36. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 12-тармақтары.

      37. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығы.

      38. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 368 Жарлығы.

      39. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      40. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 450 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9 және 12-тармақтары.

      41. "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 545 Жарлығы.

      42. "Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 89 өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады