Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы.


      "Президент пен Үкімет актілерінің

      жинағында" жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн. U000378

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президентi



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
N 1167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.13 N 428 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2016 № 196; 31.10.2016 № 366; 19.03.2019 № 884 (ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      Басшылық

      Ішкі аудит бөлімі

      Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі

      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім

      Қаржы-экономикалық бөлім

      Күрделі құрылыс бөлімі

      Заң бөлімі

      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

      Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету бөлімі

      Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады