2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 380 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті      

                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                           2007 жылғы 13 тамыздағы
                                                 N 380 Жарлығымен 
                                                   МАҚҰЛДАНҒАН

  2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы 
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

       Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасасты:

1-бап

     2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы  келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       Келісімнің 11-бабының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
       "Директорды ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің ұсынысы бойынша Кеңес тағайындайды. Директордың орынбасарларын аталған лауазымдар бекітілген тараптардың ұсынысы бойынша Кеңес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
       Келісімнің 21-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
                          "21-бап
       ӨТҚҚ-ның ресми және жұмыс тілі орыс және қытай тілдері болып табылады.".

2-бап

       Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      200__ жылғы ________________________ қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін
 
        Қытай Халық Республикасы үшін
 
        Қырғыз Республикасы үшін
 
        Ресей Федерациясы үшін
 
        Тәжікстан Республикасы үшін
 
        Өзбекстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады