1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 489 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1 Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшаға толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің        
2007 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 489 Жарлығымен      
МАҚҰЛДАНҒАН        

  1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін
дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты
келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі
техникалық қосымшаға толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

      1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты  келісімнің (бұдан әрі - Негізгі келісім) 10 және 11-баптарына және  ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Софиядағы (Болгария Республикасы, 2006 жылғы 2-3 мамыр) отырысында бекітілген 2015 жылға дейінгі кезеңге "Еуропа - Кавказ - Азия" халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Стратегиясының 5.2, 5.3, 5.5, 7.1 және 7.3-параграфтарына сәйкес Негізгі келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшаға мынадай толықтырулар енгізуге шешім қабылданды:

      1. Негізгі келісімге Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшаның "Халықаралық конвенциялар" деген 2-бабының 1-тармағы мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
      г. Киото конвенциясы (1999 жылғы Кедендік рәсімдерді оңайлату және үйлестіру жөніндегі халықаралық конвенция);
      д. 1994 жылғы Пулға берілген контейнерлерді кедендік өңдеу туралы конвенция;
      е. 1998 жылғы Доңғалақты көлік құралдары үшін бірыңғай техникалық ережені енгізу туралы келісім (AETR);
      ж. 1991 жылғы Халықаралық саудадағы көлік терминалдары операторларының жауапкершілігі туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы;
      з. Халықаралық жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау туралы конвенция (ДОПОГ);
      и. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін халықаралық тасымалдаулар туралы келісім (ТБА);
      к. 1965 жылғы Халықаралық теңіз кеме қатынасын жеңілдету жөніндегі конвенция (FAL конвенциясы);
      л. 1972 жылғы Қауіпсіз контейнерлер жөніндегі халықаралық конвенция (конвенциясы СSС);
      м. 1979 жылғы Теңізде іздестіру және құтқару жөніндегі халықаралық конвенция (SAR конвенциясы);
      н. 1976 жылғы Халықаралық теңіз спутнигі ұйымы туралы конвенция (конвенциясы Inmarsat);
      о. 1969 жылғы Ашық теңізде мұнаймен ластануға алып келетін апат болған жағдайда араласу туралы конвенция (Араласу туралы конвенция);
      п. 1996 жылғы Темір жолдармен қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі ережелер (RID конвенциясы).

      2. "Кедендік бақылау" деген 3-бап мынадай 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Транзиттік тасымалдарға қатысты қолданылатын рәсімдер тиісті мемлекеттің кеден заңнамасының талаптарына сәйкес орындалатын жағдайда, халықаралық, оның ішінде транзиттік тасымалдау кезінде мынадай жүктер:
      тасымалдау кезінде орындалуы үшін тиісті кедендік қызмет жауап беретін ережелер мен ұйғарымдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті деп саналатын деңгейдегі тексеру жүргізуді қоспағанда, әдетте жолда кедендік тексеріс жүргізуге жатпайды. Осыны негізге ала отырып, кедендік қызметтер мүмкіндігінше әкелу және әкету пункттерінде кедендік пломбаларды бақылаумен және өзге де кедендік қамтамасыз ету шараларымен шектеледі;
      осы транзиттік операция үшін пайдаланылатын кедендік транзит режимі кезінде қолданылатындарға қосымша қандай да бір кедендік нысандылықтар мен талаптар жүргізілмейді.".

      3. "Құжаттарды талдау" деген 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім шеңберінде тауарлар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын көлік компаниялары (жердегі, темір жол және теңіз) үшін транзит мерзімін қысқарту және кедендік рәсімдерді оңайлату мақсатында жүк кеден декларациясында "ТРАСЕКА" (Transport Corridor Europe - Caucasus - Asia) деген белгі (логотип) көрсетіледі. Тараптар осындай жүк кеден декларациясымен ресімделген жүктерді оңайлатылған түрде өткізу тәртібін әзірлейді.".

      4. Негізгі келісімнің Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшасы мынадай мазмұндағы 5-баппен толықтырылсын:

"5-бап
Транзитке жәрдемдесу

      Тараптар халықаралық саудаға және жүк транзитіне жәрдемдесу мақсатында:
      а) егер ол жіберуші ел болып табылатын болса, келесі транзиттік операциялар үшін талап етілетін толық және дәл ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше барлық шараларды қабылдайды;
      б) егер ол жүк жеткізілетін ел болып табылатын болса:
      кедендік транзит кезінде жүктің тазалаудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін жүк жеткізілетін орындағы кеденде барлық қажетті шараларды қолданады:
      жүктердің соңғы жеткізілу орнына неғұрлым жақын орында жүктердің тазалануын жүзеге асыруға күш салады.".

      5. Осы Хаттама Негізгі келісімнің 11 және 13-баптарында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

      _____ жылғы ________ қаласында ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы отырысында орыс және ағылшын тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалды, екі мәтін де дәлме-дәл болып табылады.

      Осыны куәландыру үшін төменде қол қойған делегациялар басшылары немесе олардың өкілетті өкілдері осы   Хаттамаға қол қойды.

      Әзірбайжан Республикасы үшін     Молдова Республикасы үшін
      Армения Республикасы үшін        Румыния үшін
      Болгария Республикасы үшін       Тәжікстан Республикасы үшін
      Грузия үшін                      Түрік Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін      Өзбекстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін         Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады