Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығы.


  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 408 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2008.10.16 N 680, 2009.12.29 № 911; 18.06.2015 № 40; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2019 № 27; 22.07.2019 № 76 Жарлықтарымен.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін;

      2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат; N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат; N 20, 239-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат; N 15, 140-құжат; 2007 ж., N 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарауға енгізсін.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 ақпандағы
N 533 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 76 Жарлығымен.

      Президент Әкімшілігінің Басшысы

      Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

      Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

      Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Президент Кеңсесі

      Президенттің көмекшілері

      Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары

      Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

      Президенттің кеңесшілері

      Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы

      Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы

      Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі

      Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі

      Мемлекеттік-құқық бөлімі

      Жалпы бөлім

      Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі

      Ішкі саясат бөлімі

      Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі

      Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

      Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі

      Мемлекеттік басқару бөлімі

      Стратегиялық жоспарлау бөлімі

      Құқық қорғау жүйесі бөлімі

      Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі

      Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      Президенттің Парламенттегі өкілдігі

      Президенттің Протоколы

      Президенттің Баспасөз қызметі

      Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы

      Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы

      Мемлекеттік хатшының хатшылығы

      Спичрайтинг тобы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады