1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органын тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 549 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияның 6-бабын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 1997 жылғы 28 наурыздағы Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органы болып Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады