Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 960 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасын
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ 960 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 30, 253-құжат; № 55-56, 538-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:

Әбдіқалықова                 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гүлшара Наушақызы              хатшысы, төрайым
енгізілсін;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Ә.Р. Жақсыбеков шығарылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 53, 714-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 28, 227-құжат; № 55-56, 538-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:

Әбдіқалықова                  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гүлшара Наушақызы               хатшысы, төрайым
енгізілсін.

      3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат; 2014 ж., № 30, 253-құжат):
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мыналардың:
      Әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылық-демографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде;
      Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:
      Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның; Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін үйлестіреді;».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады