Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 354 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын тағайындау туралы "Ядролық қарусыз әлемді орнықтыру" халықаралық конференциясы катысушыларының ұсынысы келісілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қорына (келісім бойынша) осы Жарлықты іске асыру шараларын қабылдауға ұсыным жасалсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады