"Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қызметi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 6 сәуiр N 1168

      "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 260 қаулысымен бекiтiлген "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне қатысты келiсiмдер мен шарттар мақұлдансын, онда атап айтқанда:
      - "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының шетелдiк банктерде шоттар ашуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және тиiстi республикалық органдардың мұрсатнамасымен одан тысқары жерлерде еркiн айналыстағы валютамен жасалатын операцияларды жүзеге асыруы; см. V032657
      _ "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қол жеткен келiсiмдерге сәйкес көмiрсутегiн және осы кәсiпорынның көмiрсутегi өнiмдерiн кедергiсiз экспортқа шығару құқығын жүзеге асыруы көзделген.
      2. Қол қойылған келiсiмдер мен осы Жарлықтың шарттарын өзгерту Қазақстан Республикасы мен "Шеврон" корпорациясы арасындағы жазбаша түрдегi келiсiмнiң негiзiнде ғана мүмкiн екенi еске алынсын.
      3. Бiрлескен кәсiпорын жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiмнiң iшiнде өнiм өндiру құқы үшiн есеп айырысу мен төлемдер жасаудың, пайдаға салынатын салықтың, қосылған құнға салынатын салықтың және тиiстi Келiсiм арқылы анықталған басқа да мiндеттi төлемдердiң белгiленген тетiгi сақталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi пайдалы қазбалар бойынша республика Үкiметi жасасатын контрактiлерге сәйкес Қазақстан Республикасының заң актiлерiне шетел инвестицияларын тиiмдiлiкпен тартуды қамтамасыз ететiн толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне тапсырсын.

       Қазақстан Республикасының
              Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады