Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының төменгi соттарын қалыптастыру тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 17 наурыз N 2125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.25. N 132 Заңымен. ~Z000132

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 513-бап) сәйкес қаулы етемiн:
      1. Соттарды қалыптастырудың мынадай тәртiбi белгiленсiн:
      - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Жоғарғы Сотының ұсынуы бойынша облыстық, Алматы және Ленинск қалалық, әскери соттары судьяларының, Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Соты Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық және Алматы қалалық төрелiк соттары судьяларының мiндеттерiн жүктеудi, сондай-ақ олардың төралқаларын құруды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
      Судьяларды мерзiмiнен бұрын, заңдарда көзделген негiздер бойынша босату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды;
      - аудандық (қалалық) соттардың судьялары заңдарда көзделген негiздер бойынша, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Жоғарғы Сотының ұсынуына орай облыстар мен Алматы қаласының депутаттары мәслихаттарының-жиналыстарының сессияларында сайланады және мiндеттерiн атқарудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
      2. "Қазақстан Республикасының төменгi соттарын қалыптастырудың

уақытша тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1994 жылғы 31 қаңтардағы N 1534 Жарлығының күшi жойылған деп
танылсын.
     3. Осы Жарлықтың заң күшi бар және Қазақстан Республикасының
тиiстi Заңы қабылданғанға дейiн қолданылады.
     4. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады