Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi арасындағы Экономика және Өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1995 жылғы 26 сәуiр N 2239

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының  2-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi арасындағы Экономика және өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 23 наурызда Мадрид қаласында қол қойылған келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Экономика мен өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық
туралы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi
арасындағы Келiсiм

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi,
      екi ел арасындағы достық байланыстарды еске ала отырып, экономика мен өндiрiс саласындағы қатынастардың дамуына ықпал жасауға ұмтыла отырып,
      экономика мен өнеркәсiп саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастықтың екi Уағдаласушы Тарап үшiн өзара тиiмдi болатындығын мойындай отырып, мына
төмендегiлер жайында келiстi:

1-бап

      Уағдаласушы Тараптар теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде экономика мен өнеркәсiп саласындағы екi жақты ынтымақтастыққа ықпал жасайды.

2-бап

      Уағдаласушы Тараптар жан-жақты экономикалық байланыстарды ұлғайту мақсатында екi елдiң экономика мен өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастығына жәрдемдеседi.
      Уағдаласушы Тараптар сондай-ақ қолданылып жүрген заңдар мен нормаларға сәйкес екi елдiң жеке адамдары, компаниялары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа ықпал жасайды.
      Уағдаласушы Тараптардың осы Келiсiм бойынша өздерiне алған мiндеттемелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдерге қайшы келмейдi және олардың шеңберiнен соның iшiнде Европалық қоғамдастықтың құзыреттерiнен және олардың институттары қабылдаған шешiмдердiң шеңберiнен шықпайды.

3-бап

      Уағдаласушы Тараптар ынтымақтастықтың өзара ден қойылатын салаларын белгiлеп, анықтайды. Бұл орайда ынтымақтастық мына төмендегi бағыттар бойынша дами алады:
      - Тараптардың әрқайсысының өзiне қабылдаған халықаралық мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмей, ауыл шаруашылығын, өнеркәсiптi және қызмет көрсету ауқымын қоса алғанда, әр түрлi салалардағы экономика мен кәсiпкерлiк саласындағы ынтымақтастықтың мүмкiндiктерiн зерттеу және ұлғайту;
      - өнеркәсiп, құрылыс сияқты салаларда өзара ден қойылатын жобаларды зерттеу және анықтау, табиғи ресурстарды әзiрлеу және энергетика. Екi Тарап екi ел кәсiпорындарының осы жобаларды жүзеге асыруына жәрдемдеседi;
      - ауыл шаруашылығын, өнеркәсiптi және қызмет көрсету ауқымын қоса алғанда, әр түрлi қызмет салаларындағы екi жақты қатынастарды дамыту процесiнде пайда болуы мүмкiн экономика мен кәсiпкерлiк саласындағы проблемаларды анықтау, зерттеу және оларды шешу жолдарын iздестiру;
      - Қабылдаушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тараптың инвестициялары үшiн қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнiндегi ынтымақтастық;
      - екi Тараптың қолданылып жүрген заңдары шеңберiнде меншiк құқықтарын, патенттердi және авторлық құқықтарды қорғау саласындағы  консультациялар мен ынтымақтастық;
      - Уағдаласушы Тараптардың экономикалық ұйымдары арасында өзара ақпарат алмасу;
      - Тараптар уағдаласуы мүмкiн басқа да ынтымақтастық.

4-бап

      Уағдаласушы Тараптар өзара ден қойылатын салаларда келiсiмдер жасасу жолымен экономика мен өнеркәсiп ауқымында өздерiнiң қатынастарын дамытуға жәрдемдесу ниетiн бiлдiредi.

5-бап

      Екi ел арасындағы экономика мен өндiрiс саласындағы ынтымақтастықтың ұлғаюын қамтамасыз ету мақсатында екi Уағдаласушы Тарап шағын және орташа кәсiпорындардың өздерiне тән проблемаларына айрықша назар аударады.

6-бап

      Уағдаласушы Тараптар ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасайтын жәрмеңке, мамандандырылған көрмелер, симпозиумдар және басқа осындай шараларға ерекше маңыз бередi. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар аталған шаралардың ұйымдастырылуына ықпал жасап, екi Тараптың кәсiпорындары мен мекемелерiнiң сол шараларға қатысуын ынталандырып отырады.

7-бап

      Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң мазмұны жөнiнде өздерiнiң арасындағы қандай да бiр проблемаларды, даулы мәселелер мен пiкiр алалықтарын екi жақты келiсiмдер арқылы орағытып өту үшiн күш-жiгер жұмсайды.

8-бап

      1. Осы Келiсiмдi нақты iске асыруды және дамытуды қамтамасыз ету үшiн экономика мен өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық аралас комиссия (бұдан әрi Аралас комиссия деп аталады) құрылады, оның құрамында екi Уағдаласушы Тараптың өкiлдерi болады.
      2. Өзара келiсiм бойынша екi Тараптың мекемелерi мен мемлекеттiк органдарының өкiлдерi осы Аралас комиссияның жұмысына кеңесшi (консультант) ретiнде қатыса алады.
      3. Арнаулы мәселелердi қарау және осы мәселелер бойынша нақты келiсiмдердi талқылау жөнiнде ұсыныстар енгiзу мақсатында Аралас комиссия қажет болған жағдайда жұмыс топтарын құрады.
      4. Келісiмнiң жүзеге асырылуына ықпал жасау және осы Келiсiмнiң щеңберiнде ынтымақтастықтың даму барысын қадағалау, сондай-ақ бұл ынтымақтастықты ұлғайту және жеделдету жолдарын зерттеу және нығайту мақсатымен Аралас комиссияның мәжiлiстерi екi мемлекеттердiң аумақтарында кезекпен өткiзiлiп тұрады.

9-бап

      Осы Келiсiм тиiстi iшкi конституциялық ресiмдердiң аяқталғаны туралы Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiн жазбаша түрде хабардар еткеннен кейiн 60 күн өткен соң күшiне енедi және, егер Тараптардың бiрi сол Келiсiмдi бұзғысы келетiнi туралы жазбаша түрде ескертпесе, ол беймәлiм уақыт бойы қолданыста болады, бұл орайда Келiсiмнiң қолданылуы ескерту жасалған күннен кейiн 6 ай өткен соң тоқтатылады.
      Осы Келiсiм күшiне енген күнi экономикалық даму мен ынтымақтастық туралы 1994 жылы 24 ақпанда қол қойылған Кеңесте Социалистiк Республикалар Одағының Үкiметi мен Испанияның Үкiметi арасындағы шарт Тараптар арасындағы қатынастарда өз қолданылуын тоқтатады.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмiнiң тоқтатылуы басталған, бiрақ оның қолданыста болған кезiнде аяқталмаған жобалардың немесе келiсiмдердiң жүзеге асырылуына нұқсан келтiрмейдi. Олар жасалған келiсiмдердiң талаптарына сәйкес толық тамамдалғанға дейiн орындалады.

     1994 жылы 23 наурызда Мадрид қаласында қазақ, испан және орыс
тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сонымен бiрге барлық текстердiң күшi бiрдей.

 Қазақстан Республикасы үшiн               Испан Корольдiгi үшiн

    

     

    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады