ЗАҢ КҮШI БАР Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгертулер енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 қазан N 2535

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 90-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_

1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
     1. 1972 жылғы 21 шiлдедегi Қазақ ССР-iнiң Заңымен бекiтiлген
Қазақ ССР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiнiң 63-бабы (Қазақ ССР
Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1972 ж., N 31; 1980 ж., N 24; 1990 ж., 
N 43, 404-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы; 
1992 ж., N 6, 112-құжат; 1993 ж., N 3, 56-құжат; 1994 ж., N 9-10, 
147-бап) мынадай редакцияда жазылсын:
     "63-бап. Мереке күндерi
     Мынадай мереке күндерi ұйымдарда жұмыс жүргiзiлмейдi:
     1-2 қаңтар        - Жаңа жыл
     8 наурыз          - Халықаралық әйелдер күнi
     22 наурыз         - Наурыз мейрамы
     1 мамыр           - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi
     9 мамыр           - Жеңiс күнi
     30 тамыз          - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнi
     25 қазан          - Республика күнi
     16 желтоқсан      - Тәуелсiздiк күнi


      Мереке күндерi өндiрiстiк-техникалық жағдайларға байланысты тоқтатылуы мүмкiн емес жұмыстарға (үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдар), халыққа қызмет көрсету қажеттiгiнен туындайтын жұмыстарға, сондай-ақ шұғыл жөндеу және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына жол берiледi".
      II. "Мереке күндерi туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; 1993 ж., N 3, 56-құжат; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады