Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3041 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.

      Қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) Қамқоршылар Кеңесi мына құрамда құрылсын:

Қамқоршылар Кеңесiнiң төрағасы

      Доктор Чан Йан Бэнг - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ президенті

Қамқоршылар Кеңесiнiң хатшысы

    Сатыбалдин Сағындық - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ аға вице-президенті

Қамқоршылар Кеңесiнiң мүшелерi:

      Әбдірахманов Болат Қамарханұлы - "Банкаралық және қаржы
телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлік қоғамының бас директоры

      Әуезов Мұрат Мұхтарұлы - Қазақстандағы Сорос қорының атқарушы директоры

      Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі

      Билл Ньютон-Смит - Ашық Қоғам институты шағын кеңесінің төрағасы

      Божко Дмитрий Михайлович - "Буран Бойлер" жабық акционерлік қоғамының президенті

      Джеймс Тейлор - "Эксон Мобил Корпорейшн" компаниясының президенті

      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
төрағасы

      Реза Гаффари - "Ситибанк Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы

      Хабиб Рахман - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті

      Танкут Турнаоглы      - "Проктер энд Гэмбл" компаниясының
                              бастығы

      Храпунов Виктор        - Алматы қаласының әкімі
      Вячеславович

      Нұралы Сұлтанұлы       - Қазақстан Республикасының Білім және
      Бектұрғанов              ғылым министрі
 
      Бернард Демулен        - "Филипп Моррис Қазақстан"
                               компаниясының директоры

      Дэннис Фэи             - "Шевронмұнайгаз Инк" компаниясының
                               президенті
 
      Кьюн Су Ким            - "Буран Бойлер" компаниясының
                               президенті

      Пол Крич               - ТМД-дағы "Кока-кола" компаниясының
                               бас директоры
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2000.04.20. N 376 жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2000.11.03. N 173   өкімімен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2001.07.04. N 227   өкімімен.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына қаулыларына
мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1605 қаулының 1-тармағындағы "Қамқоршылар Кеңесi мына құрамда құрылсын:" сөздерi мен Кеңес құрамы алынып тасталсын;
      2) "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн құру туралы" 1994 жылғы 29 тамыздағы N 1845 қаулының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 36, 389-құжат) 3-тармағындағы бiрiншi абзац пен "және ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесiнiң құрамына кiредi" сөздерi алынып тасталсын.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институты мен Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2289 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 19, 211-құжат), 4-тармақты қоспағанда;
      "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институты (ҚМЭБИ) мен Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебi (ҰЖМБМ) Қамқоршылар Кеңесiнiң төрағасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 2997 өкiмi.
      4. Осы Жарлық қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады