Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

БҰЙРЫҚ Әділет Министрлігі тіркеу қызметі Комитеті 2000 жылғы 27 қаңтар N 16 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 18 ақпан өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1062. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009 жылғы 15 маусымдағы N 105 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі  және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009.06.15 N 105 бұйрығымен.

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Z952198_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 V990768_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу ережесiнде:
      11-тармағының екiншi абзацындағы "апта сайын" деген сөздер "Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармағындағы "апта сайын" деген сөздер "Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармағының үшiншi абзацындағы "өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу" деген сөздер "енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармағының екiншi абзацындағы "өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу" деген сөздер "енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармағымен толықтырылсын:
      "25-1. Заңды тұлғаның тұрған жерi бiр облыстың (Астана және Алматы қалаларының) аумағы iшiнде өзгерген жағдайда тiркеушi орган:
      құрылтай құжаттарға енгiзiлген өзгерiстердi тiркеу, қайта дайындалған мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк беру және бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге, сонымен қатар электронды деректер банкiсiне заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi жөнiндегi мәлiметтердi енгiзедi;
      заңды тұлғаның жаңа тұрған жерi, бұрынғы тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк бередi. Тiркеушi органның тиiстi мөртаңбалары мен мөрi қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттың түпнұсқасы өкiлеттi тұлғаға берiледi;
      бұрынғы куәлiктiң түпнұсқасы мен тапсырылған өзге де құжаттарды заңды тұлғаның тiркеу материалдарына тiгедi;
      10 күн iшiнде статистика органдарын (6-қосымша), сонымен қатар реестрұстаушыны (мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар бойынша) (3-қосымша) заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi туралы хабардар етедi.";
      28-тармақтағы "25" деген сан "25-1" деген санмен ауыстырылсын;
      10-тарау мынадай мазмұнда жазылсын:
      "10. Филиал мен өкiлдiктi есептен алудың тәртiбi

      34. Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тiркеушi органға:
      филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы белгiленген үлгiдегi арыз;
      филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы заңды тұлғаның өкiлеттi органының немесе соттың шешiмi;
      филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы, филиалдың (өкiлдiктiң) ережесi және статистикалық карточкасы;
      филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтатылғанын тiркеу үшiн алымды төлеу туралы түбiртек (төлем тапсырмасының көшiрмесi) тапсырылады.
      35. Тiркеушi орган филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы арызды алған күннен бастап 10 күннiң iшiнде:
      тапсырылған құжаттардың толықтығы мен тағайындалғанының дұрыстығын тексередi;
      кемшiлiктер болмаған жағдайда филиалды (өкiлдiктi) есептен алу, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң күшiн жою және Реестр мен электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзу туралы бұйрық шығарады;
      Реестрге және электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзедi;
      10 күн iшiнде статистика органдарын филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде хабардар етедi (7-қосымша).
      Тiркеушi орган тапсырылған құжаттарда кемшiлiктер болған жағдайда (құжаттар дұрыс тағайындалмаса, филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы шешiмдi өкiлеттiлiгi жоқ жақ қабылдаса, осы Ереженiң 34-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса және т.б.) филиалды (өкiлдiктi) есептен алудан бас тарту туралы бұйрық шығарады.

      Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тапсырылған құжаттар тiркеушi органда сақталады.".

      2. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Әдiлет министрлігінің
      Тіркеу қызметі комитетінің
      төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады