"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің ішкі регламентіне қойылатын талаптар" туралы нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының директораты 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 11 мамырда N 1129 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағының 8) тармақшасының негiзiнде, жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушылардың құқықтарының және мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:

      1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтiң iшкi регламентiне қойылатын талаптар" нұсқаулығы бекiтiлсiн (қоса берiлдi).

      2. Жоғарыда аталған Нұсқаулық күшiне енгiзiлген сәттен бастап екi ай iшiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның Ұлттық комиссияға жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес жасалған Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтiң iшкi регламенттерiн беруге мiндеттi екендiктерi белгiленсiн.

      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастан күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.

      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) назарына жеткiзсiн.

      5. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгi Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Комиссияның Төрағасы

      Комиссияның мүшелері

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар  
жөніндегі ұлттық комиссиясының      
2000 жылғы 12 қаңтардағы         
N 54 қаулысымен             
бекітілді              

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтiң iшкi регламентiне қойылатын
Талаптар

 (Нұсқаулық)

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңы 32-бабының 2-тармағының және 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде әзiрлендi және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға (бұдан әрi "Компаниялар" деп аталады) және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-на (бұдан әрi "МЖЗҚ" деп аталады) арналған:
      1) Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтiң iшкi регламентiн жасаудың және өзгертудiң тәртiбiн (бұдан әрi "Регламент" деп аталады);
      2) Регламентке қойылатын талаптарды белгiлейдi.

1-тарау. Регламентті жасау және өзгерту

      1. Регламент Компанияның (МЖЗҚ-ның) Компания (МЖЗҚ) жарғысына сәйкес бекiтуге уәкiлеттiлiк берiлген органының бекiтуiне және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) келiсуге жатады.
      2. Бекiтiлген Регламент екi данада Ұлттық комиссияға ұсынылады. Бұл ретте Регламент парақ бойынша нөмiрленуi, тігілуi, онда Регламенттiң бекiтiлгендiгi туралы жазба болуы (Регламенттi бекiткен органның атауын, бекiтiлген датаны және Регламенттiң бекiтiлгендiгiн растайтын құжаттың нөмiрiн көрсетумен), Компанияның (МЖЗҚ-ның) бiрiншi басшысы (алқалы атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асырушы тұлға) қол қоюы және Компанияның (МЖЗҚ-ның) мөр таңбасымен бекiтiлуi керек.
      3. Регламенттiң сыртқы парағында Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгіне сәйкес Компанияның (МЖЗҚ-ның) толық атауы болу керек.
      4. Ұлттық комиссиямен келiсiлген Регламенттiң бiр данасы Компанияға (МЖЗҚ-на) берiледi, екiншiсi Ұлттық комиссияда қалдырылады. Мыналардың:
      1) Регламенттiң алғашқы парағында: "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен келiсiлдi" деген жазбаның, Ұлттық комиссия Төрағасының немесе Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмiне жетекшілік ететiн Ұлттық комиссияның атқарушы директорының қолдарының, Регламент келiсiлген күннiң және Ұлттық комиссия мөрiнiң таңбасының;
      2) Регламенттiң сыртқы бетiнде (жартылай тiгiстiң түйiнiне жапсырылған қағаздың жоғарғы жағына, жартылай парақта): жауапты орындаушының қолдарының және Ұлттық комиссия мөрiнiң (мөртабанының) таңбасының болуы Регламенттiң Ұлттық комиссиямен келiсiлгендігін растау болып табылады.
      5. Компания (МЖЗҚ) өзiнiң қызметiн тек қана бекiтiлген және ұлттық комиссиямен келiсiлген Регламентке сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
      6. Компания (МЖЗҚ) өзiне берiлген өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде Компанияның (МЖЗҚ-ның) қызметiне бақылау жасайтын мемлекеттiк органның бiрiншi талап етуi бойынша Компания (МЖЗҚ) өзiнiң қызметiн тек қана бекiтiлген және ұлттық комиссиямен келiсiлген Регламенттiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      7. Регламентке енгiзiлетiн өзгерiстер осы Нұсқаулықтың 1-4-тармақтарымен белгіленген рәсiмдерге сәйкес жүргізiледi.
      8. Регламенттi Ұлттық комиссиямен келiсу кезiнде және қызметкерлерiнiң құрамына өзгерiстер енгiзiлуiне орай (өзгерiстер туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей) Компания (МЖЗҚ) Ұлттық комиссияға өзiнiң қызметкерлерi туралы, олардың лауазымдарын және олар иеленген Ұлттық комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерiн көрсетумен, сондай-ақ қызметке тағайындау (қызметтен босату) туралы бұйрықтардың және еңбек кiтапшаларының көшiрмелерiн қоса берiп, мәлiметтердi беруге мiндеттi.

2-тарау. Регламенттің мазмұны

      9. Регламентке:
      1) ұйымдық құрылымы;
      2) инвестициялық шешiмдi қабылдаудың және орындаудың қағидалары;
      3) зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасау қағидалары;
      4) мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау жасау қағидалары;
      5) қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтары кiредi.
      10. Компанияның (МЖЗҚ-ның) ұйымдық құрылымы әрбiр құрылымдық бөлiмшедегі қызметкерлер санын (штаттық кестеге сәйкес) көрсете отырып оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң сатылық схемасын ашу керек.
      11. Инвестициялық шешiмдi қабылдаудың және орындаудың қағидаларында:
      1) инвестициялық шешiмдер қабылдау жөнiнде ұсыныстамалар берудi реттейтiн, қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың 13-тармағымен белгiленген нормалар;
      2) инвестициялық шешiмдер қабылдауды реттейтiн, қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың 15-тармағымен белгiленген нормалар;
      3) инвестициялық шешiмдердiң орындалу тәртiбiн реттейтiн нормалар;
      4) жауапты қызметкерлердiң инвестициялық шешiмдердi орындау тәртiбiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiгiн реттейтiн нормалар;
      5) бiрыңғай тiркеу журналындағы тiркеу тәртiбiн реттейтiн нормалар:
      Ұсыныстамалар;
      Ұсыныстамалардың негізінде қабылданған инвестициялық шешімдер;
      инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында жасалған мәмілелер болу керек.
      12. Инвестициялық шешімді қабылдаудың және орындаудың қағидаларында:
      1) тиісті инвестициялық шешімнің әрбір мәмілені жасау үшін негіз болып табылатындығы;
      2) негізінде Ұсыныстамалар берілген құжаттармен (материалдармен) бірге Ұсыныстамалардың жеке файл-тіркелімде хронологиялық тәртіпте сақталуға жататындықтары;
      3) инвестициялық шешімдердің жеке файл-тіркелімде хронологиялық тәртіпте сақталуға жататындықтары көзделу керек.
      13. Осы Нұсқаулықтың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормалардың мазмұнында:
      1) Ұсыныстамалар беруге уәкілеттік берілген тұлғалардың (Ұсыныстамалар беруге уәкілеттік берілген алқалы органның атауының) тізбесі;
      2) Ұсыныстамалар беруге арналған ақпаратты жинаудың және өңдеудің көздері, шарттары және тәртібі;
      3) мыналарға:
      өзінің және зейнетақы активтерінің портфелінің жай-күйіне;
      инвестициялауды жүзеге асыру жорамалданған қаржы құралдарының болуына, айналыс жағдайларына және кірістілігіне;
      инвестициялауды жүзеге асыру жорамалданған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерге;
      Ұлттық комиссияның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген диверсификациялау нормаларының сақталысына;
      Ұсыныстамалар үшін маңызы бар өзгеде факторларға талдау жасау көзделген;
      Ұсыныстамаларды беруге арналған ақпаратқа талдау жасау тәртібі;
      4) Ұсыныстамалар берудің белгілері;
      5) Ұсыныстамалар беру кезінде толтырылуға жататын құжаттың бірыңғай нысаны және оған осы Нұсқаулықтың 14-тармағымен белгіленген талаптар болу керек.
      14. Осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың бірыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) Ұсыныстаманың берілген күнін және нөмірін;
      2) Ұсыныстама беру үшін қолданылған ақпараттың тізбесін (сипаттамасын);
      3) Ұсыныстама беру үшін қолданылған ақпаратқа талдау жасау барысын және нәтижелерін;
      4) Ұсыныстаманың мазмұнын;
      5) Ұсыныстама берген тұлғалардың қолдарын;
      6) инвестициялық шешiм қабылданған күндi және нөмiрiн көрсетумен Ұсыныстаманы қабылдау (қабылдамау) туралы белгiнi (Ұсыныстаманы қабылдау және қабылдамау күндерiн);
      7) Ұсыныстаманы қараған тұлғалардың қолдарын енгізуге арналған жолдар болу керек.
      15. Осы Нұсқаулықтың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген нормаларда:
      1) инвестициялық шешiм қабылдауға уәкiлеттi тұлғалардың тiзбесi (инвестициялық шешiм қабылдауға уәкiлеттi алқалы органның атауы);
      2) алқалы органның шешiм қабылдау (дауыс беру) тәртiбiн көрсетiп инвестициялық шешiм қабылдаудың тәртiбi;
      3) инвестициялық шешiм қабылдау кезiнде толтырылуға жататын құжаттың бiрыңғай нысаны және оған осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен белгiленген талаптар болу керек.
      16. Осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген құжаттың бiрыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) инвестициялық шешiмдер қабылданған күндi және нөмiрдi;
      2) негізiнде инвестициялық шешiм қабылданған Ұсыныстаманың берiлген күнiн және нөмiрiн;
      3) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында жасалуға жататын мәмiленiң түрiн;
      4) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасалатын қаржы құралының идентификаторын;
      5) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында жасалуға жататын мәмiленiң көлемiн, бағасын және сомасын (көлемiнiң, бағасының және сомасының диапазонының);
      6) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында жасалуға жататын мәмiленiң жасалу мерзiмдерiн;
      7) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасау жорамалданған рыноктың тұрпатын (бастапқы немесе қайталама);
      8) көмегi арқылы инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасау жорамалданған делдалдың (брокер-дилерлiк ұйымның, банктiң, өзге де ықтимал делдалдың) атауын (осындай қажет болған кезде);
      9) зейнетақы активтерiнiң есебiнен инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасау жорамалданған жинақтаушы зейнетақы қорының атауын;
      10) инвестициялық шешiмдi қабылдаған тұлғалардың қолдарын;
      11) инвестициялық шешiмнiң орындалысы жөнiндегi белгінi енгізуге арналған жолдар болу керек.
      17. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасаудың қағидалары осындай бақылау жасаудың мақсаттарын, мiндеттерiн және принциптерiн ашу керек.
      18. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасаудың қағидаларының мазмұнында:
      1) зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасауды жүзеге асыратын тұлғалардың тiзбесi;
      2) зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасауды жүзеге асырудың нақты тәртiбi;
      3) кастодиан-банктердiң және жинақтаушы зейнетақы қорларының салыстырып тексерiстер жүргізудi жүзеге асыру регламентi;
      4) тексеру комиссиясының немесе Компанияның (МЖЗҚ-ның) iшкi аудиттi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiнiң зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасаудың дұрыстығына салыстырып тексерiстер жүргiзудiң және кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен салыстырып тексерiстер жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмдiлiгі;
      5) зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасаудың қағидаларын бұзғандық үшiн қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн реттейтiн нормалар;
      6) зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасауды жүзеге асыру кезiнде толтырылуға жататын мынадай құжаттардың және соларға қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың 19-24-тармақтарымен белгiленген:
      мәмiлелер жасауға тапсырыстардың есебiн жүргiзу журналының;
      орындалған және орындалмаған мәмiлелердiң есебiн жүргізу журналының;
      депозиттiк шарттарға есеп жүргiзу журналының;
      кастодиан-банктерге берiлген бұйрықтарды (тапсырмаларды) тiркеу журналының;
      кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен салыстырып тексерiстер жүргiзу актiлерiн тiркеу журналының бiрыңғай нысандары болу керек.
      19. Мәмiлелер жасауға тапсырыстардың есебiн жүргізу журналының бiрыңғай санында мынадай жазбаларды:
      1) жазбаның реттiк нөмiрiн;
      2) тапсырыстың номерiн және күнiн;
      3) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында жасалуы тиiс мәмiленiң түрiн;
      4) инвестициялық шешiмдi орындау Мақсатында жасалуы тиiс мәмiле жасалуға тиiс қаржы құралының идентификаторын;
      5) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында жасалуы тиiс мәмiленiң көлемiн, бағаларын және сомасын;
      6) инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасалатын рыноктың тұрпаты (бастапқы немесе қайталама);
      7) көмегi арқылы инвестициялық шешiмдi орындау мақсатында мәмiле жасалуы тиiстi делдалдың (брокер-дилерлiк ұйымның, банктiң, өзге де ықтимал делдалдың) атауын (осындай қажет болған кезде);
      8) тапсырысты орындау мерзiмiн енгiзуге арналған жолдар болу керек.
      20. Орындалған және орындалмаған мәмілелердің есебін жүргізу  журналының бірыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) жазбаның реттік нөмірін;
      2) тапсырыстың нөмірін және күнін (мәмілелер жасауға тапсырыстар журналынан);
      3) мәміленің жасалған күнін;
      4) тапсырыстың орындалу дәрежесін;
      5) мәміленің орындалғандығы туралы растаманың (жазбаша ескертпенің) нөмірін және қабылданған күнін;
      6) жасалған мәміленің түрін;
      7) мәміле жасалған қаржы құрауының идентификаторын;
      8) жасалған мәміленің көлемін, бағасын және сомасын;
      9) мәміле жасалған рыноктың тұрпатын (бастапқы немесе қайталама);
      10) көмегі арқылы мәміле жасалған делдалдың (брокер-дилерлік ұйымның, банктің, өзге де ықтимал делдалдың) атауын (осындай қажет болған кезде) енгізуге арналған жолдар болу керек.
      21. Депозиттік шарттарға есеп жүргізу журналының бірыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) жазбаның реттік нөмірін;
      2) депозиттік шарт жасасқан банктің атауын;
      3) жасалған депозиттік шарттың нөмірін және күнін;
      4) депозиттің сомасын;
      5) депозиттің мерзімін;
      6) депозит бойынша сыйақының (мүдденің) ставкасын;
      7) депозит шарттарының өзгерістерін енгізуге арналған жолдар болу керек.
      22. Кастодиан-банктерге берілген бұйрықтарды (тапсырмаларды) тіркеу журналының бірыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) бұйрықтың нөмірін және күнін;
      2) бұйрықтың қысқаша мазмұнын;
      3) бұйрықпен белгіленген оның орындалу мерзімін;
      4) бұйрықтың орындалысы және оның нақты орындалысы туралы мәліметтерді енгізуге арналған жолдар болу керек.
      23. Кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен салыстырып тексерістер жүргізу актілерін тіркеу журналының бірыңғай нысанында мынадай жазбаларды:
      1) жазбаның реттік нөмірін;
      2) салыстырып тексеру актісінің күнін;
      3) салыстырып тексеру түрін (күнделікті, айлық, салыстырып тексерудің өзге де түрін);
      4) салыстырып тексерудiң акцепті (акцептен бас тарту) туралы белгiлердi енгiзуге арналған жолдар болу керек.
      24. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасаудың қағидаларында осы Нұсқаулықтың 18-тармағында көрсетiлген журналдарды жүргiзудiң мынадай нормалары:
      1) жазбалардың толассыз нөмiрленуi;
      2) енгiзiлген жазбаларды жауапты орындаушының тегiн көрсете отырып оның қолымен куәландыру;
      3) журналдың жабылу фактiсiн жабылу күнiн көрсете отырып Компанияның (МЖЗҚ-ның) бiрiншi басшысының қолымен және Компанияның (МЖЗҚ-ның) мөр таңбасымен куәландыру көзделу керек.
      25. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мәмiлелер жасауға бақылау жасаудың қағидаларында мәмiлелер жасауға тапсырыстардың есебiн жүргізудiң және орындалған және орындалмаған мәмiлелердiң есебiн жүргiзудiң бiрыңғай журналын жүргiзу көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда осындай бiрыңғай журналдың бiрыңғай нысаны осы Нұсқаулықтың 19 және 20-тармақтарымен белгiленген нормаларға сәйкес келу керек.
      26. Мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау жасау қағидалары осындай бақылау жасаудың мақсаттарын, мiндеттерiн және принциптерiн ашу керек.
      27. Мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау жасау қағидаларының мазмұнында:
      1) құпиялылық санатына жатқызатын ақпараттардың тiзбесi;
      2) өзге ақпаратты құпиялылық санатына жатқызудың тәртiбiн реттейтiн нормалар;
      3) құпия ақпараты бар құжаттарды жасаудың, ресiмдеудiң, тiркеудiң, есеп жүргiзудiң және сақтаудың қағидаларын қоса отырып құпия iс қағаздарды жүргiзудiң тәртiбiн реттейтiн нормалар;
      4) құпия ақпаратқа рұқсат берiлген тұлғалар шұғылданып отырған лауазымдарды көрсете отырып және Компанияның (МЖЗҚ-ның) қызметкерiмен құпия ақпаратқа рұқсат беру жөнiндегi шарттың бiрыңғай нысанын қоса берiп құпия ақпаратқа рұқсат берудiң тәртiбiн реттейтiн нормалар;
      5) құпия ақпаратпен жұмыс iстеу кезiндегi, оның iшiнде оны бiр құрылымдық бөлiмшенiң шеңберiнде бiр қызметкерден екiншiсiне өткiзiп беру кезiнде және оны бiр құрылымдық бөлiмшеден басқасына өткiзiп беру кезiндегі, Компанияның (МЖЗҚ-ның) қызметкерлерi мен құрылымдық бөлiмшелерi арасындағы өзара әрекеттестiк тәртiбiн реттейтiн нормалар;
      6) құпия ақпаратты ашып қойғандығы және құжатты жоғалтқандығы үшiн қызметкердiң жауапкершiлiгiн реттейтiн нормалар;
      7) құжаттарды тiркеудiң, сақтаудың және мұрағаттаудың, құжаттарға және мұрағаттық құжаттарға рұқсат берудiң, мұрағаттағы мәлiметтерден құжаттарды қалпына келтiрудiң, мәлiметтердiң электрондық массивтерiнiң сақталысын қамтамасыз ету қағидаларын қоса отырып мәлiметтердiң тұтастығын қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар;
      8) мәліметтердің электрондық массивтерінің сақталысын қамтамасыз ету нормалар;
      9) өртке қарсы қауіпсіздік және табиғат апаттарынан және өзге де қарсы тұруға болмайтын жағдаяттардан қорғау нормалары;
      10) электр көздері өшіп қалған және Компания (МЖЗҚ) жүйелерінің қалыпты режимде жұмыс істеуі үшін қажетті өзге де ресурстар жоғалып (жетіспеген) жағдайларда Компания (МЖЗҚ) жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігін ұстап тәсілдерін ашатын нормалар болу керек.
      28. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары Компания (МЖЗҚ) қызметкерлерінің негізгі функцияларын, құқықтарын және міндеттерін ашу керек.
      29. Компания (МЖЗҚ) Регламентке оның қызметін реттейтін және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келетін қосымша нормаларды енгізуге құқылы.
      30. Компанияның өзін-өзі реттейтін қағидаларымен бірегей Регламент немесе оның жекелеген компоненттері белгіленуі мүмкін.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады