Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 мамырдағы N 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1147. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
      ...
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 мамырдағы N 109 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1147 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы
      2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тіркеу қызметі комитеті
      Төрағасының м.а.
-----------------------------

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы"  Z952198_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66  V990768_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      аталған бұйрықпен бекiтiлген заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеу Қағидаларында: 
      17-тармақтың жетiншi абзацында: 
      үшiншi сөйлемде "тiркеушi орган" деген сөздердiң алдына "қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы сөйлемдермен толықтырылсын: 
      "Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiш берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Регистрден шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Регистрден шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс.";

      тiркеуге тапсырылатын барлық құжаттардың тiзiмiне Ескертулердiң 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:

      "Заңды тұлғаның тұрған жерiн растайтын құжат ретiнде құқықтық кадастрдiң тiркеу парағының көшiрiмi тапсырыла алады".

      2. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады